"Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчы: Мәтін түріндегі трансляция

Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Informburo.kz "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчынан мәтін түріндегі трансляция жүргізді.

23.40. Тарихи матч аяқталды. "Реал Мадрид" футболшылары "Қайрат" қақпасына бес гол салып, ойын 0:5 есебімен бітті. 

23.38. Ойынның соңғы минутында "Реал" футболшысы Браим Диас гол салды. Есеп – 0:5.

23.35. Негізгі уақыт аяқталды. Төреші үш минут қосты.

23.32. Ойын соңына жақындап қалды. "Реал Мадрид" футболшылары допқа иелік етіп, бір-бірімен алмасып, "Қайрат" футболшыларына бермей жатыр.

23.27. Алаңға енді ғана шыққан Эдуардо Камавинга "Қайраттың" бос қақпасына гол салды. Есеп – 0:4.

23.24. "Реал" сапында ойыншылар ауысты. Камавинга, Беллингем және Гонсалолар Гюлер, Тчуамени және Мбаппені алмастырды. Ал "Кайрат" сапында Громыко мен Саптаевтың орнына Зария мен Рикардиньо шықты.

23.17. Ойынның 73-минутында Гюлерден пас алған Мбаппе "Қайрат" қақпасына үшінші голын салды. Есеп – 0:3.

23.16. "Реал" сапындағы Родриго пен Браим Диас Винисиус пен Мастантуононың орнына алаңға шықты.

23.12. Дани Себальос қарсыласын шалып құлатты. Төреші пенальти беру керек еді, алайда бас төреші Марко Гуида VAR қарап, пенальти болмайтынын айтты

23.07. Ойынның 64-минутында "Қайрат" бірден үш ойыншысын ауыстырды. Арадтың орнына Эдмилсон, Жоржинью орнына Байбек, Тапалов орнына Станоев шықты.

23.06. "Қайрат" футболшылары ойынның 60-минутында шабуылды үдетіп, қарсылас қақпасына бірнеше соққы жасап үлгерді.

Фото: Тұрар Қазанғапов

23.01. "Қайрат" ойыншысы Арад "Реал" қақпасына доп бағыттады. Бірақ қақпадан сырт кетті.

22.59. Сатпаев "Реал" қақпасына айып соққысын бағыттады. Алайда доп тордың сыртынан табылды. Жанкүйерлер доптың торға тигенін көріп гол деп ойлап қалды. 

22.56. Мбаппе жалғыз өзі "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмырзамен бетпе-бет келіп, қақпаға бағыттаған соққысы голға ұласты. Есеп – 0:2.

22.54. "Қайрат" сапындағы Валерий Громыко қарсыласына өрескел әрекет жасап, сары қағаз алды. Енді оған ойын соңына дейін байқап ойнауға тура келеді. 

22.47. Футболшылар алаңға оралды. Екінші тайм басталды. "Реал Мадрид" алғашқы минуттан шабуылға шықты.

Фото: Тұрар Қазанғапов

22.33. Төреші 45 минут біткен соң қосымша бір минут қосып берді. Матчтың бірінші таймы 0:1 есебімен аяқталды.

22.30. Шерхан Қалмырза "Реал" ойыншысы Винисиустің соққысын қайтарды.

22.26. Ойынның 37-минутында қақпашы Қалмырза мадридтік Гарсияның соққысын қайтарды.

20.25. "Қайрат" алғашқы таймның соңғы минуттарында шабуыл жасады. Бұл жолы Громыконың соқысы қақпадан сырт кетті.

22.20. Ойынның 31-минутында "Реал" футболшысы Себальостың "Қайрат" қақпасына бағыттаған соққысын Қалмырза қайтарып қалды.

22.15. "Реал Мадрид" шабуылын үдетті. 27-минутта Шерхан Қалмырза қарсыластың екі соққысын қайтарып үлгерді.

Фото: Тұрар Қазанғапов

22.11. Ойынның 24-минутында Мбаппе "Қайрат" қақпасына пенальти орындап, гол салды. Осылайша есеп ашылды.

22.08. Матчтың 20-минутында қақпашы Шерхан Қалмырза Мбаппенің қауіпті соққысын қайтарды.

22.06. Ойынның 18-минутында Арда Гюлер "Реал" бұрыштама добын қауіпті орындады.

22.04. Сол қапталдан Дастан Сатпаев "Реал Мадрид" қақпасына қауіпті шабуыл жасады.

21.09. Ойынның 12-минутында Мбаппенің "Қайрат" қақпасына бағыттаған соққысына Мартынович бөгет болды.

21.08. "Қайрат" футболшысы Луиш Мата "Реал Мадрид" ойыншысы Мбппені құлатты. Ойынның он минутында "Реал Мадрид" өз алаңынан шықпады.

21.54. Ойынның алтыншы минутында Жоржиньо "Реал Мадрид" қақпасына шабуыл жасамақ болды, бірақ "Реал Мадрид" футболшысы жолын кесті.

21.47. "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы матч басталды. Төрешінің ысқырығы естілді. "Қайрат" футболшысы Дастан Сатпаев ойынның оныншы секундында-ақ "Реал Мадрид" қақпасына шабуыл жасап үлгерді.

21.45. Футболшылар "Орталық стадион" алаңына шықты. 

21.10. "Реал Мадридтің" алаңға шығатын негізгі құрамы: Куртуа, Асенсио, Хёйсен, Алаба, Гарсия, Чуамени, Себальос, Гюлер, Мастантуоно, Винисиус, Мбаппе.

21.05. "Кайраттың" алаңға шығатын негізгі құрамы белгілі болды: Қалмырза, Тапалов, Мартынович, Сорокин, Луиш Мата, Мрынский, Касабулат, Арад, Громыко, Жоржиньо, Сатпаев.

20.45. Ойынның басталуына бір сағат қалды. 

20.40. Орталық стадион алдында адам қарасы көп. Жанкүйерлер әлі де стадионға кіріп жатыр. Билет ала алмай сыртта жүргендер де қаншама.

19.30. Flashscore.com бүгін алаңға негізгі құрамда шығатын футболшылардың тізімін жариялады. "Реал Мадрид" сапында Мбаппе, Родриго, Беллингем, Гарсия, Диас, Камавинга, Себальос, Алаба, Асенсио, Вальверде, Куртуа бар. "Қайрат" құрамында Сәтпаев, Қалмырза, Тапалов, Мартынов, Сорокин, Мата, Қасаболат, Арад, Мрынский, Жоржиньо, Громыка бар. 

тFlashscore.com сайтынан скрин

18.35. "Қайрат" футбол клубының капитан Александр Мартынович УЕФА-ға берген сұхбатында "Реал Мадридке" қарсы ойын туралы пікір білдірді.

Александр Мартыноаич: “Бұған дейін көшеде еркін жүре беретінбіз. Ал қазір танып, алғыстарын білдіріп, суретке түсуді сұрайды”

"Шынымды айтсам, жеребеде Мадридтік клубпен түскеніміз таң қалдырды. Басты мақсатымыз ел чемпионатын ұтып, Еуропалық жарыстарға шығу еді. Бірақ барлық кезеңнен өтіп, топтық кезеңге жолдама алу арманымыз орындалды. Ең бастысы – алаңға шығып, ойыннан да, стадиондағы атмосферадан да барынша ләззат алу" – деді Мартынович.

18.15. Defensa Central мәліметінше, "Реал Мадрид" бүгін "Қайратты" жеңсе 2,1 миллион евро алады. Ал тең түссе мадридтік клуб 700 мың евроға ие болады. "Қайраттан" жеңілсе ақшадан қағылады.

18.05. Матч аяқталған соң тегін автобустар жүреді. Барлығы 60 автобус жолға шығып, 6 нүктеге дейін қатынайды:

  • Орталық стадион – "Алматы Арена" (тақтайша – А1, жүретін орны – Абай даңғылы батыс бағытта);
  • Орталық стадион – Райымбек/Алатау (тақтайша – А2, жүретін орны – Абай даңғылы батыс бағытта);
  • Орталық стадион – "Алматы-1 вокзалы" (тақтайша – А3, жүретін орны – солтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);
  • Орталық стадион – Орбита шағын ауданы (тақтайша – А4, жүретін орны – оңтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);
  • Орталық стадион – Жұлдыз шағын ауданы (тақтайша – А5, жүретін орны – Шығыс бағыттағы Абай даңғылы);
  • Орталық стадион – әуежай (тақтайша – А6, жүретін орны – шығыс бағытта Абай даңғылы).

Қала метросының жұмысы түнгі сағат 01.00-ге дейін ұзартылады.

17.50. Футбол мачты кезінде 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмыс істейді. Олар жанкүйерлер мен ойыншылардың қауіпсіздігін сақтап, жол қозғалысын реттейді.

17.45. Стадион аумағына жанкүйерлер кіре басталды. Матч басталғанша арнайы бағдарлама ұйымдастырылған. Жанкүйерлер бетіне тегін аквагрим салдыра алады. Ал трибунада клуб жалаулары таратылады. 

Фото: "Қайрат" ФК

17.40. Алматыға 26-29 қыркүйек аралығында матчты тамашалау үшін 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келген.  Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия және ТМД елдерінен келген. Қазақстанның басқа өңірлерінен келген жанкүйерлер де көп.

Mastercard мәліметінше, Алматыға келген шетелдік турист орта есеппен 1 500 АҚШ долларын жұмсайды.

17.25. Матч күні кейбір көшелерде жол қозғалысы шектеледі. Орталық стадионның төңірегіндегі Абай, Сәтбаев, Байтұрсынов көшелерінің бөліктері сағат 16.00-ден бастап жабық болады. 

 

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын шектеу сызбасымен алдын ала танысып, қозғалыстағы өзгерістерді ескеруге шақырады.

 

17.15. Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі 2-тур матчында "Қайрат" пен "Реал Мадрид" кездеседі. Сағат 21.45-те Алматының "Орталық стадионында басталатын тарихи ойынды тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлер мен шетелдік БАҚ өкілдері келді. Екі команда алғаш рет кездескелі отыр. Бұған дейін Қазақстандық клуб мадридтік футболшылармен ешқашан ойнамаған, ал "Реал Мадрид" футболшылары алғаш рет Қазақстанға келіп отыр. 

Стадион аумағына жанкүйерлер 17.45-тен бастап кіре алады. Дәл осы уақытта ойын алдындағы бағдарлама басталады. "Қайрат" футбол клубы билетті тексеріп, стадионға кіргізу үшін көрермендерден матч басталарға 3-4 сағат бұрын келуді сұрайды. Жанкүйерлердің билеті ғана емес, жеке куәліктері де тексеріледі.

Матчтың бас төрешісі – Италиядан келген Марко Гуида. 

Ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Серіктестер жаңалықтары