Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова қазірдің өзінде 2 миллионнан астам доза сатып алынғанын мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылғы тамыз айында тұмау жұқтырғандар саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайыз жоғары.
"1 қазаннан екпе салуды бастаймыз. Екпе медицина қызметкерлеріне, созылмалы аурулары бар адамдарға, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі адамдарға және қатар жүретін аурулары бар балаларға салынады. Орташа алғанда біз 2,5-2,7 миллион адамға екпе саламыз, бұл еліміздегі тұрғындардың 12-15 пайызы", – деді денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.
Оқи отырыңыз: Гриппол плюс және Инфлювак тетра. Тұмауға қарсы қандай екпе алған дұрыс?
USD:
517.5 / 520.5
EUR:
605.5 / 610.5
RUB:
6.45 / 6.57