
30 тамыз Конституция күні мерекесіне орай жаңа оқу жылын бастау күні ауысты. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
Биыл, 2025 жылдың бірінші қыркүйегі дүйсенбіге тұспа-тұс келіп тұр. Алайда, Конституция күніне байланысты қазақстандықтар 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері қатарынан үш күн демалады.
Министрдің мәліметінше, 1 қыркүйек күні бірінші сынып оқушылары үшін ғана алғашқы қоңырау соғылады.
"Кейде бірінші қыркүйек демалыс күндеріне түсетіні белгілі. Сондай жағдайларда еліміздің педагогикалық кеңесі жиналып, шешім қабылдайды. Педагогикалық кеңесте сабақ ресми түрде 2 қыркүйектен басталады деген шешім қабылданып отыр. Бірақ, бірінші сыныпқа қатысты символдық сәт болғандықтан, бірінші сынып оқушылары үшін 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау соғуға рұқсат бердік", – деді Ғани Бейсембаев.