3 қыркүйектегі Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Ұлттық банктің 3 қыркүйекке белгіленген ресми бағамы — 539,55 теңге.

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы сауда-саттық қорытындысы шықты. 

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 540,18 теңге болып, 0,55 теңге өсті. Ұлттық банктің 3 қыркүйекке белгіленген ресми бағамы — 539,55 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 539,34 теңгеден сатып алынып, 541,12 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағасы — 626,05-630,47 теңге, рубль — 6,60-6,71 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада доллар 537,97 теңгеден сатып алынып, 543 теңгеден сатылып жатыр. Еуро — 624-634 теңге, ал рубль 6,63-6,74 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары