Астанада 25 қазанда бір күн бойы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады қала әкімдігі.
25 қазанда, Республика күні, Астанада Ақмола облысының өндірушілерінің қатысуымен соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара бір күнге ғана созылады. Жәрмеңкеге аймақтың 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері мен өңдеу кәсіпорындары қатысады және шамамен 50 түрлі азық-түлік өнімдері ұсынылады.
"Облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілері ет және шұжық өнімдерін, жаңа піскен балықты, жұмыртқаны, сүт және сүт өнімдерін, ұнды, картопты және көкөністерді әкеледі. Өнімнің жалпы көлемі 460 тоннадан асады", – деп жазылған хабарламада.
Әкімдік хабарлауынша, жәрмеңкеде тұтынушыларға көмектесу үшін еріктілер де болады. Қонақтар үшін ақмолалық әртістердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.
Жәрмеңке тек бір күн бойы Қарқаралы тас жолы, 1-үйде, Қазанат ипподромының қарсысында өтеді. Іс-шара таңғы сағат 8:00-де басталады.
USD:
538.9 / 541.3
EUR:
624.5 / 628.5
RUB:
6.53 / 6.65