Алматы облысының Қытай мен Қырғызстанмен шекаралас Райымбек ауданындағы 89 шақырым республикалық маңызы бар жолдың 74 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қалған 15 шақырым бөлігі 1,2 миллиард теңге қаржыға былтыр жөнделген. Бұл туралы аудан әкімі Берік Дүйсенбаев журналистерге арналған баспасөз туры барысында хабарлады.
Әкімнің сөзінше, ауданда 89 шақырым республикалық, 240 шақырым облыстық және 282 шақырым аудандық маңызға ие жол бар. Облыстық жолдар 98 пайыз жөнделген болса, қалған 2 пайызы биыл толық аяқталады. Ал аудандық жолдардың 65 пайызы жөнделіп, биылғы бюджеттің есебінен оның үлесі 85 пайызға артады.
"Елді әбігерге салып келген дәл осы республикалық жол болатын. Өйткені, бізде теміржол, әуе жолы жоқ – аудан тұрғындарының облыс орталығына және Алматыға қатынайтын жалғыз жолы – осы. Бұл жолдың жөнделмеуі ауданның туризмі мен экономикасының дамуына да үлкен кедергі келтірді. Жол "Қазавтожол" мекемесінің құзырында болғандықтан, ауданның бірнеше жылдан бергі сұранысына лайықты жауап болмай келгені рас", – деді аудан әкімі Берік Дүйсенбаев.
Аудандағы республикалық маңызы бар жолдың 74 шақырым бөлігін жөндеуге 7,5-8 миллиард теңге шамасында қаржы жұмсалады. Мердігер компания – "Нұрлы жол – 7" ЖШС. Жөндеу жұмыстары биыл басталып, 2026 жылы аяқталуы тиіс.
Әкім жол 2026 жылы Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік шараға дейін іске қосылатынына сендірді.
Оқи отырыңыз: 738 400 теңге: Алматы облысында жол қауіпсіздігі талаптарын орындамаған ұйым айыппұл арқалады
USD:
513.3 / 515.9
EUR:
592.0 / 597.0
RUB:
6.51 / 6.63