16 жолаушы зардап шекті, біреуі қайтыс болды.
Алматыда 26 маусымда адам өліміне әкелген автобус апаты болды, деп хабарлады полиция департаменті.
"Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға сағат 14.20-да Алматы қаласының Алмалы ауданында болған", – делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, "KIA" жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, "City-Bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы автобуспен соқтығысып, артынша кедергіге соқтығысқан.
Оқиға салдарынан автобустың 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінді. Бір жолаушы оқиға орнында қаза болды.
USD:
517.3 / 519.9
EUR:
606.5 / 610.5
RUB:
6.39 / 6.51