Астанада өз шөбересін зорлаған 82 жастағы қария 20 жылға сотталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қылмыс баланың туған күнін тойлау кезінде, туыстары жиналған үйде болған.

Астанада қорғансыз баланы зорлаған 82 жастағы қария 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыс баланың туған күнін тойлау кезінде, туыстары жиналған үйде болған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Сот материалдарына сәйкес, қарт кісі 7 жастағы өз шөбересін үлкендерден таса жерде зорлаған. Қылмыстық әрекетті отбасы мүшелері байқап қалып, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Алайда ол ұзақ уақыт бой тасалай алмады. Полицейлер қарияны тәулік ішінде ұстап, қамауға алды. Тергеу барысында куәгерлердің жауаптары мен сот-медициналық сараптамалардың қорытындылары оның кінәсін толық дәлелдеді.

Сот шешімімен айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктестер жаңалықтары