Әзербайжанда туыстар арасындағы некеге шектеу енгізілген соң, үйлену тойлары азайды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Әзербайжан Әділет министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында елде 12 146 ажырасу тіркелген.

Әзербайжанда 2025 жылдың шілде айында тіркелген некелер саны айтарлықтай төмендеді. Маусым айында 5 мыңнан астам неке қиылса, шілдеде бұл көрсеткіш 2694-ке дейін азайды, деп хабарлайды Oxu.az.

Мамандар мұны туыстар арасындағы некеге заңмен тыйым салынуымен байланыстырады. Жаңа ереже 2025 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Ол бойынша ортақ әжесі мен атасы бар ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерге, сондай-ақ биологиялық туыс болып саналатын немере аға-қарындас пен нағашы-жиендерге некелесуге жол берілмейді. Бұл шектеу тұқым қуалайтын аурулардың алдын алып, дені сау ұрпақ өсіруді көздейді.

Әзербайжан Әділет министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында елде 12 146 ажырасу тіркелген. Дегенмен, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда аздап төмендеген: 1000 адамға шаққанда ажырасу деңгейі 2,1-ден 2,0-ге дейін қысқарған.


Оқи отырыңыз: Алматыда Қала күніне орай қандай мерекелік іс-шаралар өтеді


Сонымен бірге заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, некеге тұру жасын төмендетуге рұқсат беретін нормалар алынып тасталды. Енді неке қиюға өтініш берген азаматтар туыстық дәрежесін растау үшін туу туралы куәліктері мен ата-анасына қатысты құжаттарды тапсыруы тиіс. Ережені бұзу әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары