Backstreet Boys-қа тақия мен "Қазақстан" шоколады тарту етілді.
Аңызға айналған америкалық поп-топ Backstreet Boys 18 қыркүйекке қараған түні Алматыға ұшып келді.
Әуежайда оларды ыстық ықыласпен қарсы алған жанкүйерлер қазақы дәстүрге сай тақия кигізіп, "Қазақстан" шоколады мен сый-сияпат табыс етті.
Бүгін топ мүшелері демалып, Алматыны аралауы мүмкін. Ал ертең, 19 қыркүйекте, Орталық стадионда көптен күткен концерт өтеді. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, стадионның есігі 15:00-де ашылады, шоу сағат 20:00-де басталады.
Backstreet Boys Алматыдан кейін Астанадағы жанкүйерлерімен кездеседі. 21 қыркүйекте топ "Астана Аренада" өнер көрсетеді.
USD:
511.5 / 514.5
EUR:
594.0 / 598.0
RUB:
6.43 / 6.55