Чемпиондар лигасы: "Қайрат" – "Реал" матчына жалған билет сататын алаяқ сайттар анықталды

Фото: fckairat.com
Фото: fckairat.com
Билеттер клуб сайты мен арнайы платформада ғана сатылады.

"Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасының алдағы матчы қарсаңында жанкүйерлерді сақ болуға шақырды.

Клуб мәліметінше, билеттерді қолдан жасап, заңсыз сататын жағдайлар тіркеліп жатыр.

Ресми дереккөздер бойынша, билеттерді тек Freedom Ticketon платформасы мен "Қайрат" ФК-ның ресми сайтынан сатып алуға болады. Үшінші тұлғалардан алынған билеттер жарамсыз болып шығуы мүмкін және матчқа кіруге мүмкіндік бермейді.

"Жанкүйерлер тек ресми хабарламаларға сеніп, түпнұсқа билет сатып алған жағдайда ғана үлкен футболдың ерекше атмосферасын толық сезіне алады. Сонымен қатар стадионға кіру ережелері мен сатылымның басталу күні туралы ақпарат ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде жарияланып отырады", – деп ескертті клуб өкілдері.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары