Әлемге әйгілі актер Джеки Чанның Алматыға келгені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.
Желі қолданушылары 23 қыркүйекте Алматы халықаралық әуежайында түсірілген суреттер мен бейнематериалдарды бөлісуде. Кадрларда Джеки Чан қазақстандық Salem Entertainment медиа компаниясының өкілдерімен бірге жүргені байқалған.
Қолданушылардың пайымынша, актер Қазақстанға жаңа фильм немесе ірі жоба түсіру үшін келген болуы мүмкін. Ал басқа нұсқаға сәйкес, ол жақында өтетін "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы футбол ойынына құрметті қонақ ретінде шақырылған.
Алайда әзірге Джеки Чанның сапары туралы ресми ақпарат жоқ. Salem Entertainment компаниясы да, футбол клубы да бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді. Сондықтан актердің Алматыға келген себебі әзірге белгісіз.
USD:
538.9 / 541.3
EUR:
624.5 / 628.5
RUB:
6.53 / 6.65