Ислам таяу болашақта әлемдегі ең ірі дінге айналуы мүмкін – Pew Research Center

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ислам дінінен бас тарту көрсеткіші басқа діндерге қарағанда әлдеқайда төмен.

Ислам діні қарқынды өсіп келеді, ал христиандық өз ұстанымын жоғалтып жатыр. Бұл туралы Pew Research Center есебінде жазылған. Соңғы онжылдықта мұсылмандардың әлемдегі үлесі айтарлықтай артса, христиан дінін ұстанушылардың жалпы саны өскенімен, олардың жаһандық үлесі азайған.

Pew Research Center мәліметінше, 2010 жылдан 2020 жылға дейін христиан дінін ұстанушылар саны 2,3 миллиардқа жетіп, өсім көрсеткенімен, әлем халқы бұдан да жылдам көбейіп жатыр. Сол себепті христиан дінінің үлесі 1,8 пайыздық тармаққа төмендеп, 28,8 пайызды құрады.

Сол кезеңде ислам әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан дін ретінде мұсылмандар үлесін 1,8 пайыздық тармаққа арттырып, 25,6 пайызға жеткізді. 

"Бұл 10 жыл ішінде болған айтарлықтай өзгеріс. Ислам мен христиан дініне сенушілер саны бір-біріне жақындай түсті. Мұсылмандар саны басқа барлық ірі діни топтарға қарағанда жылдамырақ өсуде", – дейді зерттеу жетекшісі Конрад Хаккетт.

Ислам дінінің өсуінің негізгі себептері:

  • Мұсылман халықтың орта жасы төмен – шамамен 24 жас (басқа дін өкілдерімен салыстырғанда – 33 жас);
  • Жоғары туу көрсеткіштері;
  • Басқа діндермен салыстырғанда діннен бас тарту деңгейінің төмендігі.

Серіктестер жаңалықтары