Кофе мен тамақты көп ішу, шылым және ішімдік: Қазақстандықтар қандай зиянды әдеттерге құмар

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Респонденттердің 34 пайызы кемінде аптасына бір рет ішімдік ішетінін айтқан.

Қазақстанда мейлінше кең таралған зиянды әдеттер қатарында кофе мен энергетик сусындарды шамадан көп ішу көш басында. Бұл туралы Stada health report 2025 зерттеуінің есебінде жазылған. 

Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 54 пайызы бойындағы зиянды әдеттер туралы сұраққа жауап ретінде кофе мен энергетик сусындарға шамадан тыс құмарлықты атаған. Сондай-ақ, тамақты артық жеу де (48 пайыз) қазақстандықтар арасында жиі кездесетін әдет. Одан кейінгі орында әлеуметтік желілерді тым көп пайдалану (46 пайыз) тұр. 

"Бұған қоса, сауалнамаға жауап бергендердің 34 пайызы шылым, электронды темекі не вейп шегетінін мойындады. Ал спирттік ішімдікті ұдайы түрде тұтынатындардың үлесі – 19 пайыз", – делінген зерттеу қорытындысында. 

Бұл мәліметтер қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қаншалықты ұстанатынынан хабар береді. 

"Stada Қазақстан" бас директоры Наталья Гарипова

Stada health report 2025 деректеріне сәйкес, респонденттердің 34 пайызы кемінде аптасына бір рет ішімдік ішсе, 15 пайызы аптасына бірнеше рет ішімдік тұтынады. 

Зерттеуде, сондай-ақ, қазақстандықтардың медициналық профилактикасы туралы да мәліметтер бар. 

"Профилактика – өте өзекті тақырыптың бірі. Қазақстандықтардың 10%-ы ғана ұсынылған тексерудің бәрінен өтеді. Ал тұрақты профилактикалық тексеру немесе чекап дегеніміз – өз денсаулығыңның жай-күйінен хабардар болып отыру, дамуды көру, ықтимал қиындықтарға дер кезінде назар аудару, сол арқылы белсенді өмір сүруді ұзарту тәсілі. Азаматтарға  профилактикалық тексерудің маңызы туралы жеткілікті ақпарат беру, тексерудің ашықтығын жетілдіру және науқастардың сенімін нығайту маңызды деп санаймын", — деді бұл ретте "Stada Қазақстан" бас директоры Наталья Гарипова. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары