
Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Алматыда самокат мінген ер адам жаяу жүргіншіге шабуыл жасады, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Оқиға 3 қыркүйек күні болған. Күдікті жаяу жүргіншінің көзіне үшкір зат сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен.
"Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау және кінәлі адамды жауапқа тарту мақсатында бірқатар тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген ведомствоның түсініктемесінде.
Жәбірленушінің көзіне бірнеше рет ота жасалған.