Мектептерде оқушылар арасында тұмау артса, оқу процесі онлайн режимге өтеді

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Сонымен қатар науқастардың үйінде емдеу шараларын жүргізетін ақ халаттылар да сақтану шараларын қатаң ұстануы керек.

Оқушылардың 30 пайызы тұмау жұқтырып, сырқаттанған жағдайда мектептер сабақты қашықтан оқыту үлгісіне көшеді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Сонымен қатар бір сыныптағы тәлімгерлердің кем дегенде 20-30 пайызы бір мезетте ауырып қалса бір кабинетте отыруға тыйым салынады және сыныптарға 10 күн бойы жаңа балалар қабылданбайды. 

Сондай-ақ, еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері бекіткен қаулыға сәйкес 1 қазаннан бастап дәрігерлер мен басқа да медицина қызметкерлері міндетті түрде маска тағуы керек, ал медициналық ұйымдардың кіреберісінде "фильтрлер" мен антисептиктер болуға тиіс. Сонымен қатар науқастардың үйінде емдеу шараларын жүргізетін ақ халаттылар да сақтану шараларын қатаң ұстануы керек. 

"Үйге барып қызмет көрсететін дәрігерлер ең алдымен ЖРВИ және Covid-19 белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларды қарауы қажет. Балабақшаларда күн сайын таңғы фильтр жүргізіліп, ЖРВИ, тұмау және Covid-19 белгілері бар балаларды сабаққа кіргізбеу керек", – деді ҚР ДСМ СЭБК инфекциялық ауруларды бақылау басқармасының бас сарапшысы Жанерке Төлеуғалиева.

Серіктестер жаңалықтары