Мұсылман күнтізбесі бойынша жаңа жыл басталды. Мұхаррам айында ораза ұстау міндет пе

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ашура күні ораза ұстау-ұстамауды әрбір мұсылман өзі шешеді.

Мұсылман жыл санауы бойынша Мұхаррам айы басталды. Бұл жаңа жылдың басталуын білдіреді. Осыған орай, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды жыл басымен құттықтады

"Шариғатымызда қажылық парызы аяқталған соң жаңа жыл басталады. Яғни зұлхижжа айынан кейін келетін мұхаррам айының кіруімен жаңа жыл басталады. Бұл айда қасиетті Ашура күні бар. Ашура – мұсылман тарихындағы айтулы күндердің бірі. "Ашура" сөзі "оныншы" деген мағынаны білдіреді. Яғни мұхаррам айының оныншы жұлдызы", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфтидің түсіндіруінше, Ашура күні ораза ұстау – парыз емес. Дегенмен, мұсылмандар бұл күні өз еркімен ораза ұстаса болады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары