Оралда ақша бопсалаумен айналысқан колледж студенттері ұсталды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Қазіргі таңда бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы жергілікті тұрғыннан ақша бопсалады деген күдікпен жастар тобын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жәбірленуші әлеуметтік желіде танысуға арналған арна арқылы бір қызбен сөйлескен. Хат алмасу кезінде қыз оны өз үйіне кездесуге шақырған. Алайда көрсетілген мекенжайға келген кезде, пәтерге үш белгісіз жігіт баса-көктеп кіріп, жәбірленушіні сыртқа шығарып, өздерін қыздың ағасы ретінде таныстырып, қорқытып ақша талап еткен.

"Қорыққан жәбірленуші телефонын күдіктілердің біріне берген, ол банк қосымшасы арқылы өзінің банк шотына ақша аударып алған. Жедел-іздестіру шаралары барысында барлық қатысушылар анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бес күдіктінің төртеуі – Орал қаласындағы колледж студенттері, олардың бірі – сол кездесуге шақырған қыз", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда дәрігерлердің жалақысында қандай өзгерістер бар


Полиция тергеу жұмыстарын жалғастыруда және азаматтарды интернеттегі арандатушылықтарға алданбай, мұндай жағдайлар болған кезде бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары