Пәкістанда Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ресми сапар басталды.

Пәкістан премьер-министрінің резиденциясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда. 

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысын Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды. Суретке түскеннен кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды, ал Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Бұл сапар екі ел арасындағы дипломатиялық және экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара болып отыр.

Серіктестер жаңалықтары