"Палаудың ішінен телефон шықты". Павлодарда түрме күзетшісі тыйым салынған заттарды анықтады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Мекеменің күзеті табылған телефон мен құлаққапты тәркіледі.

Павлодар облысындағы №63 түзету мекемесінің күзетшісі сәлемдемелерді тексеру кезінде палаудың ішіне жасырылған телефон, құлаққап және қуаттағыш тапты, деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз тұрғыны сотталған туысына бір контейнер палау алып келген. Тексеру барысында күзетшілер контейнердің түбінен тыйым салынған заттарды тауып, тәркіледі.

"Сәлемдемені әкелген азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Мұндай әрекет үшін сәлемдеме әкелуші жауапқа тартылады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда изолятордағы туысына ұн қуырдақ апарған әйелдің сәлемдемесінен де телефон табылған болатын.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары