Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов университеттерге мамандандырылған магистратура ашу жөнінде жазды ұсынды. Министр бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Біз университеттерге психологиялық медициналық педагогикалық кабинеттің (ПМПК – ред.) мұғалімдері, психологтары және түзету кабинеттері үшін мамандандырылған магистратура ашуды ұсынып отырмыз. Бұл ПМПК, психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері және орталықтардың мамандары сұхбат арқылы ағылшын тілінсіз түсуі үшін қажет", – деді министр.
Сонымен қатар министр бакалавриат бағдарламалары аясында даярлау, курс арқылы мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарына ерекше назар аудару қажет екенін айтты.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Аутизмді ерте кезеңде анықтайтын шаралар қабылдау қажет
USD:
517.9 / 520.9
EUR:
605.5 / 610.5
RUB:
6.45 / 6.57