Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Перизат Қайрат. Фото Informburo.kz
Перизат Қайрат. Фото Informburo.kz
Ал оның анасын 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесуді ұсынды.

Мемлекеттік айыптаушылар Перизат Қайрат ісі бойынш 1,5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Ал өз кезегінде прокурор Арман Кезекен күдіктілерге келесі жаза мерзімдерін тағайындауды ұсынды:

  • Перизат Қайратты – 10 жыл бас бостандығынан айыру;
  • Ғани Алашбаеваны – 8 жыл бас бостандығынан айыру.

Сонымен қатар, прокурорлар айыпталушылардың қылмыстық жолмен алынған мүлкін тәркілеуді талап етті. Бұл қаражат жәбірленушілерге беріледі.

Перизат Қайраттан жауап алу рәсімі жабық режимде өткен болатын, сот отырысына БАҚ өкілдері қатысқан жоқ. Ал Ғани Алашбаева жауап беруден бас тартты.

Айыпталушыларға Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша айып тағылғанын еске саламыз:

  • 190-бап, 4-бөлім, 2-тармақ – "Өте ірі мөлшердегі алаяқтық";
  • 218-бап, 2-бөлім, 1-тармақ – "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)";
  • 218-бап, 3-бөлім, 3-тармақ – "Өте ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) адамдар тобы тарапынан жасалған."
Серіктестер жаңалықтары