ҚарЛАГ туралы фильм Сан-Себастьян кинофестивалінде жетістікке жетті

"Бітім" киносы Испанияның беделді Гойя ұлттық киносыйлығына ұсынылады.

Сан-Себастьянда өткен "Бітім" фильмінің премьерасын көрермендер мен сыншылар ерекше ықыласпен қарсы алды. Премьераны мыңнан астам көрермен тамашалаған. Сарапшылар: "Бұл туынды халықаралық фестиваль арнасына үлкен сенсация әкелді" деп аға берді. 

Фильмнің қысқаша мазмұны

"Бітім" – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қарағанды (ҚарЛАГ) еңбек лагерінде тұтқынға түскен испан азаматтарының тағдырын бейнелейтін тарихи-драмалық туынды. Сюжетте испан офицерлері — лейтенант Сагальдо мен капитан Рейес өзара жаулықтан кейінгі күрделі қатынастарын, ауыр сынақтар мен татуласу жолын бастан кешіреді.

Отандық және шетелдік құрам

Фильмде испан актерлері Арон Пипер мен Мигель Эрран басты рөлдерді сомдап, одан бөлек Дина Тасбулатова, Алтынай Нөгербек, Сергей Уфимцев пен Фараби Аққозов ойнады. Жоба – Қазақстан мен Испанияның бірлескен өндірісі: Испания тарапынан Plano a Plano компаниясы, ал қазақстандық тараптан Amanat Capital компаниясы атсалысты.

Премьера және көрсетілімдер

Премьералық көрсетілім Сан-Себастьяндағы Victoria Eugenia театрында өтті және көрермендердің жоғара бағасын алды. Фильм 10 қазанда Испания мен басқа еуропалық елдерде прокатқа шығады. Қазақстанда кең көрсетілім 30 қазанда басталады, ал кейінірек туынды Netflix платформасындағы халықаралық релизге шығады.

Ұсыныстар мен марапаттар

"Бітім" туындысы Испанияның беделді Гойя ұлттық киносыйлығына ұсынылады және еуропалық дистрибьюторлардың қызығушылығын тудырып отыр.

Еске салайық, фильмді Испания (70%) мен Қазақстан (30%) қаржыландырды. Екі тараптан да мемлекет қажысы тартылмаған. Фильм жеке инвестициялар есебінен түсірілді.

Серіктестер жаңалықтары