
94 жастағы ақсақал Сағадат Жұмабаев 13 жылдан бері Павлодардағы қарттар үйінде тұрады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы павлодардық қария Сағадат Жұмабаевқа қажылық сапарға жолдама сыйлады, деп хабарлады діни басқарманың баспасөз қызметі.
13 жылдан бері қарттар үйінде тұратын ақсақал өмір бойы қажылыққа сапар үшін жинаған ақшасын сырқат баласы бар аналарға таратып берген. Қария 3 600 000 теңгені 30 анаға бөліп, әрқайсына 120 000 теңгеден көмек көрсеткен.
Жолдаманы қарияға Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы табыстады.