Қосымша пойыздар 270 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ жазғы уақытта 11 қосымша теміржол бағытын іске қосады. Жаңа пойыздар қозғалыс кестесіне енгізілсе, одан бөлек, бірқатар бағыттағы пойыздардың қатынау жиілігі артты.
2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында келесі пойыздар қатынайды:
- №253/254 "Астана – Достық" (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.
- №207/208 "Алматы – Жаланашкөл" (Тальго) пойызы белгіленген күндерде қатынайды.
- №211/212 "Алматы – Достық" (Тальго) пойызы күнара қатынайды.
- №221/222 "Алматы – Достық" пойызы аптасына 3 рет қатынайды.
- №457/458 "Семей – Достық" пойызы күнара қатынайды.
- №459/460 "Өскемен – Достық" пойызы күнара қатынайды.
- "Алматы – Достық" бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
- "Қызылорда – Достық" бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
- "Павлодар – Достық" бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
- №201/202 "Астана – Алматы" пойызы күн сайын жүреді.
- №203/204 "Астана – Шымкент" пойызы күн сайын жүреді.
Қосымша пойыздар 270 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Алакөл. Қай жағалауында демалған дұрыс?
USD:
537.7 / 540.1
EUR:
624.5 / 628.5
RUB:
6.55 / 6.67