Дүйсенбі күні кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған бөлімшелер қызмет көрсетеді.
Республика күні мерекесіне байланысты 25 қазан, сенбі күні еліміздегі барлық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет".
Ал 27 қазан, дүйсенбі күні кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған бөлімшелер қызмет көрсетеді.
- Кезекші ХҚО-лар сағат 9:00–13:00 аралығында,
- Мамандандырылған ХҚО-лар 9:00–12:00 аралығында жұмыс істейді,
- Дайын құжаттарды беру уақыты — 13:00-ге дейін.
28 қазаннан бастап барлық орталық қалыпты жұмыс режиміне қайта оралады.
Кезекші бөлімшелердің тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram–парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.
USD:
538.9 / 541.3
EUR:
624.5 / 628.5
RUB:
6.53 / 6.65