Шерзат Полат ісі: сотталғандардың жазасы сол күйінде қалды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Жаңа үкім заңды күшіне енді.

Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шерзат Полаттың өліміне байланысты іс бойынша шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Апелляцияның шешімі бүгін, 19 тамыздан бастап заңды күшіне енді.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, апелляциялық тәртіпте Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған тоғыз адамға қатысты қылмыстық іс қаралған. Бірінші сатыдағы соттың үкіміне сәйкес:

  • А.Н. Шынасыл – кісі өлтіру, кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық үшін 23 жылға сотталды;
  • Р. Сәкиев – кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық үшін 20 жылға сотталды;
  • А. Тоқтаубаев – бұзақылық және ұрлық үшін 15 жылға сотталды;
  • Н. Ильясов – бұзақылық үшін 9 жылға сотталды;
  • Д. Әскентай, Н. Тоқтаубаев, Ш. Белгожаев, Д. Қалиахмет – әрқайсысы 7 жылға сотталды;
  • Кәмелетке толмаған Ы. – қылмыс туралы хабарламағаны үшін 1 жыл 6 айға сотталды.

Сонымен қатар сотталушылар қаза болған адамның отбасына өтемақы төлеуге міндеттелді:

  • Шынасыл – 60 млн теңге,
  • Сәкиев – 30 млн теңге,
  • Қалған сотталғандар бірлесіп тағы 30 млн теңге төлеуге тиіс.

Еске салайық, 16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылғы 4 қазанда төбелес кезінде алған пышақ жарақатынан қаза болды. Осы оқиға бойынша 11 адам ұсталды. Шамамен бір аптадан кейін Шерзаттың отбасы тұратын Азат ауылындағы үйі өртеніп кетті. Бас прокуратура бұл өрттің қасақана қойылғанын хабарлады. 21 қаңтарда тергеу аяқталды. Оның аясында 40 сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынды.

Қылмыстық істің көлемі – 62 том.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары