"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының иегері инклюзивті театр жобасын жүзеге асырды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты
Театр әртістері – Даун синдромы бар, жасы 16-дан асқан балалар.

Атырау қаласында "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты аясында жүзеге асырылған "Күн" атты инклюзивті театр жобасының тұсаукесері өтті, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Театр әртістері – Даун синдромы бар, жасы 16-дан асқан балалар. Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры сахнасында шығармашылық ұжым Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Бала күннің бояуы" атты концерттік қойылым ұсынды. Сонымен қатар жас өнерпаздардың қатысуымен сән көрсетілімі де ұйымдастырылды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Жобаның авторы – Атырау қаласының тұрғыны Әнел Маратова. Ол 2024 жылы республикалық "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын жеңіп алып, ерекше балаларды өнер мен театр арқылы қоғамға бейімдеуді мақсат еткен.

"Күн" театралдық жобасында 14 өнерпаз бар. Олар апта сайын екі рет актерлік шеберлік, үш рет хореография сабағына қатысады. Шығармашылық ұжымның алдағы жоспары – елімізде және шетелде гастрольдік сапарлар ұйымдастыру.


Оқи отырыңыз: "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты енді үздік волонтерлерге де табысталады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары