Тоқаев Алакөл маңын туристік маусымға дұрыс дайындамаған лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды тапсырды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Аймақта қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген.

Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне Үкіметтің назарын аударды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. 

"Атап айтқанда, қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген. Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды", – деп жазды Руслан Желдібай.

 

Серіктестер жаңалықтары