Сапар 3-4 ақпанға жоспарланған.
Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Сапар аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Шахбаз Шарифпен және президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.
USD:
497.1 / 500.1
EUR:
588.0 / 592.0
RUB:
6.43 / 6.55

