Жер сілкінісі бүгін 12 сағат 57 минутта тіркелді.
Жамбыл облысында жер сілкініп, оның Қордай ауданындағы қуаты 2 балл болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
"2025 жылғы 12 қыркүйек Астана уақытымен 12 сағат 57 мин жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 187 км оңтүстік-батыста Қырғызстан аумағында орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым ережені еске салды.
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда), көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
USD:
537.9 / 540.3
EUR:
624.5 / 628.5
RUB:
6.55 / 6.67