
80 жыл бұрын Қытай халқы 14 жылға созылған ауыр сынақтар пен қантөгіске толы күрестен соң жапон басқыншылығына қарсы соғыста жеңіске жетіп, әлемдік фашизмге қарсы күресте толық жеңіс орнағанын паш етті.
Қытай күресті өзгелерден бұрын бастады және өзгелерден ұзағырақ жүргізді. Бұл күрес әлемдік фашизмге қарсы соғыстың бас шығыс майданында жүрді және көптеген адамның өмірін қиды. Қытай күресі әлемдік фашизмге қарсы соғыстың маңызды бөлігі болды және жеңіске өз тарихи үлесін қосты. Қытайдың басқыншыларға қарсы соғысы халықаралық қауымдастықтың кең қолдауына ие болды және Қытай халқының жеңісі – тек Қытайдың емес, бүкіл адамзаттың жеңісі деуге негіз бар.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 26 мемлекет пен үкімет басшысы салтанатты шараларға қатысты. Қытай өзге халықтармен бірге Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің қорытындыларын қорғайды. Бұл ретте Қытай БҰҰ бекіткен халықаралық жүйені, халықаралық құқыққа негізделген халықаралық тәртіпті қолдайды және бейбітшілік пен дамуға жол салады.

80 жылдан астам уақыт бұрын әділеттілік пен зұлымдық арасындағы қақтығыста әлемнің бейбітсүйгіш халықтары күш біріктіріп, фашизмге қарсы майданда күресті және жеңіске жетті. Әлемді басқыншылардан тазартып, соғыстан кейінгі халықаралық тәртіптің берік негізін қалады. Арада 80 жыл өткенде, бүгінде Жаһандық Оңтүстік елдерінің ұжымдық дамуы әлемдегі жағдайды өзгертіп келеді. Бұл өзгерістер жаңа күш-қуат пен сенімге толы. Қытай Жаһандық Оңтүстік елдері, оның ішінде Қазақстанмен де бірге тең құқықты және тәртіпке негізделген көп полярлы әлемді, әділетті және инклюзивті экономикалық жаһандастыруды қолдауға, сондай-ақ бейбітшілікті сақтауға және адамзаттың жалпы дамуына үлес қосуға дайын.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қытай достығының символы: Алматыда Сянь Синхай шығармашылығына арналған концерт өтті
Әскери парадты өткізу Қытайдың бейбіт даму жолымен жүру бойынша берік шешімін, мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұрақтылықты сақтайтынын, сондай-ақ бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау бойынша қуатты мүмкіндіктерін паш етеді. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бойынша Қытайдың әлемде беделі жоғары. Қытайдың күш-қуатын арттыруы әлемге көбірек позитивті энергия береді. Ел қаншалықты дамығанына қарамастан, Қытай ешқашан гегемонияға, экспансияға немесе қарулану бойынша жарысуға ұмтылмайды. Оның орнына бүкіл әлемде бейбітшілік, тұрақтылық және прогрестің болуын қолдайтын күшке айналады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Тяньцзинь саммитінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жаһандық басқару бастамасын көтерді. Биыл екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске 80 жыл және Біріккен ұлттар ұйымының құрылғанына да – 80 жыл. Бұл жылдың жаһандық басқару ісіндегі мән-маңызы ерекше. Си Цзиньпин ұсынған жаһандық басқару бастамасы бүкіл мемлекеттердің жалпы ұмтылысы мен заманауи әлемнің өзекті қажеттіліктеріне жауап береді. Бұл бастаманы қатысушы мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілері дереу қолдады.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңдегі әскери парадты тамашалады
Жаһандық басқару бастамасы Қытайдың әлемге ұсынған кезекті жаһандық қоғамдық өнімі. Бұған дейін ҚХР жаһандық даму, жаһандық қауіпсіздік және жаһандық цифрландыру бойынша бастамалар көтерген болады. Оның негізінде бес негізгі қағида жатыр, олар: тәуелсіз теңдік – жаһандық басқарудың негізін қалайтын алғышарт, халықаралық құқықтың үстемдігі – іргелі кепілдік, жан-жақтылық – негізгі жол, адамға бағдарлану – құндылықты бағыт және нақты қадамдар – маңызды бағыт. Бұл идеялар БҰҰ жарғысының мақсаттары мен қағидаларына сәйкес келеді және мемлекеттердің жан-жақты механизмдерге сүйене отырып, жаһандық басқару жүйесін жетілдіруге және уақыт тудырған жаңа міндеттерге барынша тиімді жауап беруіне көмектеседі.

Біз жаһандық басқару бастамасын бірлесіп жүзеге асыру, жаһандық басқарудың барында әділетті және тиімді жүйесін құру мақсатында БҰҰ және өзге елдермен, оның ішінде Қазақстанмен өзара байланысты күшейтуге ниеттіміз.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.