
Бұл материалда қазақстандықтар бизнес-класпен көбіне қайда ұшатыны, ең қымбат билеттер қанша тұратыны және қазір қай бағыттарға бизнес-класпен ұшқан тиімді екенін ұсынамыз.
Жұрт комфортпен қайда жиі ұшады?
Қызығы сол — алғашқы үштікте ешқандай Мальдив те, Лазур жағалауы да жоқ. Бизнес-класс билетін көбіне іссапармен не туыстарына бара жатқандар алатын сияқты. Мысалы, Мәскеу (2024 және 2025 жылдардың көшбасшысы). Болмаса, Ташкент бір жыл ішінде Дубайды басып озып, танымал бағыттар тізімінде екінші орынға шықты. Үшінші орында Дубай тұр. Бұл қала бизнеске де, естен кетпес демалысқа да қолайлы бағыт ретінде үздік үштіктен түспей келеді.
Ең қымбат билеттер
Қазақстаннан сатып алынған бизнес-класс билеттерінің ішіндегі ең қымбаттарына шолуды қарайық.
- 2024 жылы: Астана – Виндхук (Намибия) бағытына сатылған – 6,3 млн теңге, Lufthansa.
- 2025 жылы: Астана – Сидней (Аустралия) – 5,8 млн теңге, Emirates.
Осы деректерден түйгеніміз — қазақстандықтар кейінгі кездері практик бола түскен. Бизнес-класс бұрынғыдай статус пен сәннің көрсеткіші ретінде емес, маңызды іс не жайлы да тиімді демалыс үшін саналы түрде қолданылатын құралға айнала бастағандай.
Оқи отырыңыз: Оңтүстік Кореяға саяхатыңызды жеңілдететін 12 қосымша
Қай бағыттағы билеттер арзандады
Кейінгі бір жылдағы деректерге сүйенсек, мына бағыттарға бизнес-класс билеттері біршама арзандаған:
- Анталья. Биылғы маусымның жұлдызы! 2025 жылы Анталья төртінші орындағы Ыстанбұлды ығыстырды. Себебі Түркиядағы бұл курортқа бизнес-класс билеттері бір жылда 42,5 % арзандаған.
- Пхукет. Жағажайда жоғары деңгейде демаламын дегендерге тағы бір тамаша бағыт. Бұл аралға жайлы ұшып жету бағасы биыл 21,5 пайызға төмендеген.
- Баку. Жағажай емес, тарихы терең қалада қыдырғыңыз келіп жүрсе, сүйінші! Әзербайжан астанасына бизнес-класс билеттері 6 пайызға арзандапты.
Бұл материалды Demalys ұсынды және материалда Aviasales арқылы жасалған броньдарды талданған. Оған сәйкес, қазақстандықтар бизнес-класпен сирек ұша бастағанын байқадық (сұраныс 17 % төмендеген), бірақ азаматтар баға мәселесіне келгенде үнемшіл бола бастаған (орташа чек 1068 доллардан 893 долларға төмендеген).