2026 жылы көлік салығы қалай өзгереді? Нақты мысалдар және жеңілдіктерге шолу

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жаңа Салық кодексіне сәйкес, ескі көлік мінгендермен қоса қозғалтқышы үлкен көлік иелері де аз салық төлейді.

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Құжатқа сәйкес қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын көліктерге салынатын салық мөлшерлемесі азаяды. Сондай-ақ, көліктің шығарылған жылына қарай жеңілдік жасалады.

Осы орайда Информбюро порталы Салық кодексіндегі жеңіл көліктерге салынатын салық мөлшері өалай өзгергенін түсіндіреді.

№1. 2026 жылдан бастап не өзгереді?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап көлік салығы жаңа тәртіппен есептеледі. Ең басты жаңалық – көліктің шығарылған жылы мен қозғалтқыш көлеміне қарай жеңілдік жасалады. Сонымен қатар қымбат көліктерге 10% акциз салығы енгізіледі.

№2. Қозғалтқыш көлемі бойынша өзгеріс бар ма?

Басты өзгеріс 3000 см³ және одан жоғары қозғалтқышы бар көліктерге қатысты болып отыр. Бұрын 3000-4000 см³ көлемді көліктерге 35-66 АЕК мөлшерінде салық салынса, 2026 жылдан бастап 15 АЕК мөлшерінде салық салынады. Ал қозғалтқыш көлемі 4000 см³ және одан асатын көліктер 130-200 АЕК төлеп жүрсе, келер жылдан бастап 117 АЕК сомасында салық төлейді.

Сондай-ақ, қозғалтқышының көлемі 1500 см³ асатын жеңіл көліктерге әрбір артық текше сантиметр үшін 7 теңге қосылады.  

№3. Көліктің шығарылған жылына қарай қандай жеңілдік жасалады?

  • шығарылғанына 11 жылдан 20 жылға дейін болса –  30% жеңілдік;
  • 21 жылдан асса – 50% жеңілдік.

Мысалы, келер жылдан бастап 2005 жылдан бұрын шығарылған көліктер салықтың жартысын ғана төлейді.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар көлік салығы бойынша ескерту алып жатыр. Оны қалай есептеуге болады


№4. Жеңілдік қалай есептеледі?

Салық есептегенде базалық мөлшерлемеге коэффициент қолданылады:

  • 11-20 жыл болса – коэффициент 0.7;
  • 21 жылдан асса – коэффициент 0,5.

Мысалы, базалық салық 60 мың теңге болса, көлік иелері шығарылғанына 15 жыл болған көлік үшін – 42 мың теңге, 25 жылдық көлік үшін 30 мың теңге төлейді

№5. Қымбат көліктер үшін салық қалай есептеледі?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап құны 18 мың АЕК сомасынан асатын жеңіл көлікке акциз қолданылады. Яғни, көліктің құны 75 миллион теңгеден асса, оған қосымша 10% акциз салығы салынады. Бұл салықты көлікті алғаш тіркегенде немесе қайта сатқанда төлеу керек. 

№6. Салықты қай уақытқа дейін төлеу қажет?

2025 жылдың салығын 2026 жылғы 1 сәуірге дейін төлеу қажет. де көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. 2025 жылдың салығын төлеу үшін биылғы айлық есептік көрсеткіш (3932 теңге) қолданылады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары