
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры талапкерлерге 500 білім беру грантын бөлді. Өтініштер 1 тамыз бен 17 аралығында қабылданады. Білім беру грантының иегерлеріне 1 миллион теңгеге дейін жылдық оқу ақысы мен шәкіртақы төленеді.
Биыл 2 маусымда бағдарлама ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Конкурсқа кімдер қатыса алады? Қандай құжаттар қажет? Информбюро порталы осы және өзге де сұрақтарға жауап береді.
№1. Грант пен шәкіртақы сомасы қанша?
Грант көздейді:
- Оқу ақысы. Грант сомасы бір миллион теңгеден аспауға тиіс.
- Шәкіртақы. Барлық оқу жылына ай сайын 40 мың теңге шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы жазғы демалысты қоспағанда 10 ай бойы беріледі.
№2. Білім беру гранты конкурсының шарты қандай?
Грантқа үміткер:
- ҰБТ-дан қажет шекті балл алуы керек (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады);
- мемлекеттік немесе өзге де грант иеленбеуі керек;
- 29 жастан аспауы керек (қоса алғанда).
№3. Конкурсқа кімдер қатыса алады?
- ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;
- жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- мүгедектігі бар азаматтар;
- мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан тұлғалар;
- 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары;
- 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар.
№4. Конкурсқа қатысу үшін қайда жүгіну қажет?
Білім беру гранттары байқауына қатысу үшін 17 тамызға дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына құжат тапсыру керек. Оқу орны құжаттарды қарап, ҰБТ нәтижесіне қарай білім беру гранты тағайындалатын үміткерлердің тізімін жасайды. Ал грант тағайындалатын талапкерлердің тізімін "Қазақстан халқына" қорының басқармасы бекітеді.
- өтінім қабылдау – 1-17 тамыз;
- құжат қабылдау – 22 тамызға дейін;
- грант иегерлерінің тізімін жариялау – 11 қыркүйекке дейін;
- шарттар жасасу және білім беру гранттары мен шәкіртақыларын төлеу – қыркүйек-қараша.
Грант тағайындалатын үміткерлердің тізімін жоғары оқу орны жасайды және конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасы ретінде рәсімделеді. Грант берілетін талапкерлердің тізімін "Қазақстан халқына" қорының бассқармасы бекітеді. Бұл ретте Қор үміткердің бағдарлама критерийлеріне сәйкестігіне ғана қарайды.
№5. Қандай құжаттар талап етіледі?
Барлығы үшін:
- өтінім-сауалнама мен келісім-хат;
- ҰБТ нәтижесі (түпнұсқа);
- үміктердің жеке куәлігінің көшірмесі.
Ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар:
- Атаулы әлеуметтік көмек алатыны жөнінде анықтама не болмаса әлеуметтік көмек алушының анықтамасы (egov.kz-тен), ағымдағы жылға өзекті немесе аз қамтылған отбасы екенін растайтын анықтама (әкімдік не жұмыспен қамту орталығынан алуға болады);
- жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесі.
Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:
- ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру туралы, шектеу туралы, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі);
- баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесі.
Мүгедектігі бар тұлғалар – үміткердің мүгедектігі туралы анықтама (медициналық әлеуметтік сараптама).
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан тұлғалар:
- үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі және отбасы мүшесі қатарындағы мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- отбасындағы балалардың (18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланың) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
Құжатттама негізінде жасалатын "Қазақстан халқына" қорының анықтамасын ұсынады:
- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар.
Ескерту: құжаттардың көшірмесі куәландырылуы керек. Қор қажет болса қосымша құжаттарды сұрай алады.
№6. Кейбір санаттар үшін құжаттама қалай жасалады?
Қаңтарда қаза тапқан азаматтардың балалары және қаңтарда жараланған балалар үшін жеке шоттар ашылып, әрқайсына құжаттама жасалады. Ол үшін atamekenim.kz платформасында құжаттарды тіркеп, өтінім беру керек.
- өтініш берушінің/баланың жеке куәлігі;
- ҚР азаматының қайтыс болғаны туралы куәлік/анықтама;
- қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжат: баланың туу туралы куәлігі, қажет болған жағдайда дербес деректердің өзгеруі туралы анықтама.
№7. Кез келген университетті таңдауға бола ма?
Білім беру грантының иегерлеріне барлық оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді. Білім гранттары .2 оқу орнына бөлінді. Олар:
- Аlikhan Bokeikhan University – 7;
- Astana IT University – 2;
- Esil University – 7;
- "Bolashaq" академиясы – 2;
- "Q" University – 2;
- Азаматтық авиация академиясы – 2;
- Логистика және көлік академиясы – 5;
- Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы – 8;
- Ақтөбе өңірлік университеті – 15;
- Алматы энергетика және байланыс университеті – 2;
- Алматы Менеджмент Университеті – 6;
- Алматы технологиялық университеті – 6;
- Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – 15;
- С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті – 6;
- Баишев Университеті (Ақтөбе қаласы) – 3;
- С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті – 8;
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университеті – 8;
- А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты – 6;
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 15;
- Еуразия технологиялық университеті – 3;
- "Нұр-Мүбәрак" Египет ислам мәдениеті университеті – 4;
- Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұздық инженерлік-техникалық институты – 5;
- І. Жансүгіров атындағы университет – 7;
- Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті – 5;
- Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті – 5;
- М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті – 9;
- Еуразия инновациялық университеті – 3;
- Қазақ спорт және туризм академиясы – 10;
- Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты – 3;
- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – 15;
- Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы – 5;
- Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – 5;
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – 15;
- Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы – 5;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 15;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 15;
- Қазақстан-Американдық еркін университеті – 5;
- Қазақ-Британ техникалық университеті – 3;
- Алматыдағы Қазақ-Неміс университеті – 2;
- Қазақстан-Ресей медициналық университеті – 4;
- Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті – 5;
- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері универсиеті – 9;
- Қарағанды индустриалды университеті – 3;
- А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті – 5;
- Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 10;
- Каспий қоғамдық университеті – 3;
- Ш. Есенов атындағы Каспий технология и инжиниринг универсиететі – 8;
- А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті – 8;
- Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті – 8;
- М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті – 2;
- А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті – 15;
- "Болашақ" Қызылорда университеті – 5;
- Қарағанды медициналық университеті – 4;
- Семей медициналық университеті – 4;
- Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты – 8;
- Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті – 8;
- Халықаралық білім беру корпорациясы – 9;
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – 5;
- Халықаралық Астана университеті – 9;
- Рудный индустриалды институты – 3;
- М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті – 8;
- М.Х.Дулати Тараз өңірлік университеті – 14;
- Торайғыров университеті – 14;
- А. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті – 5;
- СДУ – 5;
- Шәкәрім атындағы Семей университеті – 8;
- М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ – 10;
- НАРХОЗ Университеті – 6;
- "Тұран" университеті – 5;
- "Тұран-Астана" университеті – 5;
- Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы – 4;
- Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – 15;
- М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – 10.
№8. Қандай жағдайда студент гранттан айырылуы мүмкін?
Білім беру гранты бір рет беріледі. Бұл ретте екінші жоғары білім алуға жол берілмейді. Білім беру гранты тоқтатылады:
- студенттің өзі оқуды жалғастырмауды қаласа;
- үлгерімі төмен болғаны үшін оқудан шығарылса;
- студент оқудың екінші жылына қалдырылса;
- күмәнді ақпарат, дәйексіз құжаттар ұсынса.
Студент басқа оқу орнына ауысқан кезде грант сақталуы мүмкін. Шешімді Қор Басқармасы қабылдайды. Академиялық демалыс уақытында, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бойынша басқа елде оқу кезінде де сақталады.
№9. Мемлекеттік білім гранты иегерлері байқауға қатыса ала ма?
Жоқ, мемлекеттік білім грантын алған тұлғалар "Қазақстан халқына" қорының грантына құжат тапсыра алмайды. Мемлекеттік гранттан бас тартып, Қордың грант конкурсына қатысуға болмайды. Ақылы негізде оқуға құжат тапсыратын талапкерлер ғана қатыса алады. Олар грант нәтижесі шыққанша ректорға шартты түрде оқуға қабылдау туралы өтініш жазады.
Үміткер дәл биыл емес, осыған дейін мектеп не колледж бітірсе де грант байқауына қатыса алады. Алайда жоғары білім алған үміткер тағы да жоғары оқу орнына түсіп жатса, онда ол байқауға қатыса алмайды.
Оқи отырыңыз: Асхат Аймағамбетов мемлекеттік білім грантына ілікпегендерге тегін білім алудың 7 жолын айтты
№10. Басқа мамандыққа ауысуға бола ма?
Бұған дейін грант иегерлері басқа факультетке ауыса алатын. Алайда биылдан бастап мамандық ауыстыруға, басқа университетке ауысуға жол берілмейді.
№11. Оқу аяқтаған соң грантты өтеу қажет пе?
Қор бөлетін гранттар өтеусіз, қайтарымсыз көмек, сондықтан грант иегерілеріне оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеу міндетті емес.
№12. Оқу ақысы бір миллион теңгеден асып кетсе, не істеу қажет?
Байқау шартында оқу құны бойынша шектеме бар. Қор әр студенттің 1 млн теңгеге дейін жылдық оқу ақысын төлейді. Оқу ақысы одан көп болса, онда айырмашылықты студенттің өзі төлейді.