Тарихқа құрметпен қарау керек

Фото: Дархан Мыңбайдың Facebook парақшасы
Фото: Дархан Мыңбайдың Facebook парақшасы
Қоғам қайраткері Дархан Мыңбай Түрксіб тарихы басталған Айнабұлақ станциясына экскурсиялар ұйымдастыруды ұсынды.

Турксіб қосылған күні Айнабұлақ станциясында 40 мыңға жуық адам қатысқан салтанатты жиын, тарихи шара өткен орын сол күйінде сақталған. 

Қазақтың біртуар тұлғасы Тұрар Рысқұлов мінберден сөйлеп, құрылысшыларды үлкен еңбек жеңісімен құттықтап, марапаттағаны – ел тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға.

Қазіргі Жетісу облысындағы тарихи орын жаңадан салынған жолдан тысқары қалып қойған. Үлкен даңғыл бойына осы окиға туралы ақпарат беретін тақта немесе жол сілтейтін көрнекі жарнама орнатылуы керек.

Осы саланың кәсіби мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына тарихи орынға баруды енгізу де артық емес. Сондай-ақ, темір бағанда тұрған жазудың мемлекеттік тілдегі нұсқасын әлі күнге қосымша орнатпау – сала, өңір басшылығына сын. 

Әзірге мұны құнттайтын ер табылмай тұр.


Оқи отырыңыз: Діни сауаттылық және интернет немесе киіз кітаптан электрондық кітапқа дейін


***

Түрксіб десе есімізге темір жол ғана емес, елімізді күрделі экономикалық дағдарыстан құтқарған екпінді құрылыс тарихы еске түседі. Совет үкіметі жариялаған алғашқы бесжылдықтың ауқымды құрылысына одаққа енетін өзге республикалардан да екпінділер тартылғаны белгілі. Бірақ негізгі жұмыс күшін Қазақстан халқы құрағаны ақиқат. Оған Түрксіб құрылысына қатысты тарихи құжаттар, зерттеулер, В.Туриннің толықметражды деректі фильмі, Семей қаласында темір жолға арналған музейдегі жәдігерлер ғана емес, елімізде сол заманның көзі саналатын белгілер куә бола алады. Соның бірі әрі бірегейі – Жетісу облысы Көксу ауданының Айнабұлақ ауылы маңында орнатылған ұстын тас. Онда: 

"Здесь 1 мая 1930 г.состоялось торжественное открытие Туркестанско-Сибирской железной дороги, в котором участвовал заместитель председателя СНК РСФСР тов. Турар РЫСКУЛОВ" деген мазмұндағы тақта ілінген.

Фото: Дархан Мыңбайдың Facebook парақшасы

Тарихқа жүгінсек, Түрксіб құрылысы 1927 жылы екі тараптан: солтүстіктен – Аягөз стансасынан, оңтүстіктен – "Луговая" стансасынан басталды. Жұмыстар барынша қарқын алған кезде онда 55 мыңнан астам жұмысшы істеген екен. Күніне 5 шақырым жол салынып, рекордтық қысқа мерзімде – жобаланған 5 жылдың орнына 3 жыл ішінде, нақтырақ айтсақ, мерзімінен 17 ай бұрын пайдалануға берілген. 

1930 жылы 29 сәуірде сағат 9-дан 4 минут өткенде рельстер түйістіріліп, 1 мамырдан бастап жол уақытша пайдалануға берілген (1931 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрақты пайдаланылған).

Ал елдің жадында не қалды, қандай із бар? Сондай маңызды да тарихи жердің қадірін бүгінгі замандастар, әсіресе жастар біле ме?


Оқи отырыңыз: Бата сатылмайды


Қадір тұту мен қасиеттеу жүзеге асқан ба?

Түрксіб қосылған күні Айнабұлақ станциясында 40 мыңға жуық адам қатысқан салтанатты жиын, тарихи шара өткен орын сол күйінде сақталған. Қазақтың біртуар тұлғасы Тұрар Рысқұлов мінберден сөйлеп, құрылысшыларды үлкен еңбек жеңісімен құттықтап, марапаттағаны - ел тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Өйткені, РКФСР Халық комиссарлары кеңесі жанынан құрылған, Тұрар Рысқұлов жетекшілік еткен Түрксіб құрылысына жәрдемдесу комитеті темір жол торабының салынуына көп еңбек сіңірген. Осы құрылыста кәсіби

біліктілігін көрсеткен темір жол инженері, Алаш қайраткері Мұхамеджан Тынышбаев оның сенімді серігі әрі ақылшысы еді. Өкінішке қарай, кейін екеуі де “халық жауы” деген саяси жалаға ілініп, репрессия құрбаны болды. 

Біз көрнекті тұлғаларымыздың тағдырына қатысты әрбір тарихи нысанға, есткерткішке жаңа көзқараспен қарауымыз қажет. Сол кездің өзінде қазақ жастарын инженерлік және техникалық мамандықтарға үгіттеп, оларға жол көрсете білген ұлт зиялыларына лайықты құрмет көрсетуге қатысты нақты ұсыныс айтқымыз келеді. 

Түрксібке қатысты маңызды тарихи оқиға өткен орын қазір жаңа жолдан тысқары қалып қойған. Үлкен даңғыл бойына осы оқиға туралы ақпарат беретін тақта немесе жол сілтейтін көрнекі жарнама орнатылуы керек. Осы саланың кәсіби мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына тарихи орынға баруды енгізу де артық емес. Сондай-ақ, тарихи жазудың мемлекеттік тілдегі нұсқасын әлі күнге қосымша орнатпау – сала, өңір башылығына сын.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма басшылығы (төрағасы Н. Сауранбаев) аталған мәселені бақылауына алып, оң шешеді деп сенеміз. Өйткені, бұл - біздің тарихымыз, Қазақстан темір жолы шежіресіндегі маңызды оқиға. Шын мәнінде, ол қазақ халқы үшін жаңа экономикалық дәуірдің бастауы болғаны анық. Мұны кезінде теміржол құрылысын басқарған аса ірі мемлекет қайраткері, халықаралық деңгейдегі саясаткер, кәсіби экономист Тұрар Рысқұловтың жанкешті еңбегін, Алаш мұраты мен кеңестік қызмет арасын жалғаған темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың білігі мен тәжірибесін, сондай-ақ алып құрылысқа қатысқан барлық теміржолшылар мен құрылысшылардың отаншылдық ерлігін бағалап, мәңгі есте қалдыру деп білеміз.

(Жазба қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбайдың Facebook парақшасынан алынды)

Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Была ли эта статья для вас полезной?
0

  Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

  Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале
НОВОСТИ ПАРТНЁРОВ