
Қазақ "Жұт жеті ағайынды" деп бекер айтпаған. Өткен ғасырда "жеті басты жалмауыз" іспетті аранын аша келген нәубеттер халқымызды біржола жойып жіберуге шақ қалды.
Алапат апат 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістен басталды. Бодандық езгіге қарсы бас көтерген халық аяусыз басып жаншылды. Салдарынан бейбіт ауылдар, бейкүнә жандар қырғынға ұшырап, ел үдере көшті.
Екінші апат осы зобалаңға ілесе келген қос төңкеріс еді. Ұлт зиялылары Патша тақтан тайған 1917 жылғы Ақпан төңкерісін "қазақ енді өз алдына дербес ел болады" деген үмітпен, қуанышпен қарсы алған болатын. Алайда, көп ұзамай большевиктерді билікке әкелген Қазан төңкерісі еліміз үшін салдары талай жылдарға созылған аса ауыр зобалаңның басы болды. Бейбіт халық ақ пен қызылдың арасындағы атыс-шабыстың құрбанына айналды.
Есеңгіреген елді бір-бірінен айырып, бауырлас халықтардың арасын алшақтатып жіберген межелеу саясаты да апаттың бір парасы еді.
Алапат аштық жылдары қаймана қазақ тағы да қынадай қырылды. Бұл – "жұттың төртінші ағайыны" еді. Адамды адам жеген алмағайып заман болды. Осылайша, тұтастай бір ұрпақтың өсімі үзіліп қалды. Жиырмасыншы, отызыншы жылдардың басындағы аштықта қазақ халқы жартысынан айырылды.
Оқи отырыңыз: 3 миллион адамның өмірін қиған ашаршылық: тың деректер мен естеліктер
Бесіншіден, белең алған аштықты тереңдете түскен тәркілеу науқаны да халқымызға ауыр тиді. 1928-1929 жылдары асқан қатыгездікпен жүзеге асырылған бұл дүрбелең "аша тұяқ қалмасын" деген қызыл кеңірдек ұранға ұласты.
Қазақтың қолында тігерге тұяқ қалдырмауды көздеген зұлымдық ұжымдастыру науқанына ұласты. Елдің дәстүрлі шаруашылығына жасалған бұл қастандық қолында малы бар ауқатты байлардың шекара асуына себепші болды. Көпшілігі шекарадан өтерде қызыл әскердің қолынан мерт болып, сүйегі сай-салада шашылып қалды.
Жұттың жетінші ағайыны – 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргін. Бұл – ел басына түскен ең сұмдық зұлматтың бірі еді. Өйткені, бұл нәубет халқымыздың ақыл-ойын, елге пана, жұртқа басшы болған Алаш арыстарын – ұлт зиялыларын қынадай қырды, ұлттың иммунитеті әлсіреді.
(Жазба сенат депутаты Дархан Қыдырәлінің Facebook парақшасынан алынды)
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1❗️Министр просвещения о тяжёлых рюкзаках школьников: Ввести планшеты – не совсем правильное и затратное решение
-
2902
-
9
-
15
-
-
2❗️Оборот наличных денег растёт в Казахстане
-
2757
-
3
-
14
-
-
3Какая разница, где покупать смартфон? Большая разница!
-
2210
-
0
-
2
-
-
4❗️Казахстанцы при покупке авто могут потребовать снять лишнее оборудование – Комитет по защите прав потребителей
-
2118
-
1
-
26
-
-
5❗️20 тысяч долларов получат победители блокчейн-хакатона в Казахстане
-
1842
-
0
-
4
-
-
6Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 9 сентября
-
1879
-
0
-
0
-
-
7🌡Прогноз погоды на 10 сентября: гроза, град, шквал ожидаются в Астане и местами на севере страны
-
2105
-
0
-
0
-
-
8‼️Крыша строящейся "комфортной школы" рухнула в Кульсары
-
2080
-
0
-
20
-
-
9‼️ Обещал машины из ОАЭ: жителя Актобе подозревают в мошенничестве на 50 млн тенге
-
2075
-
0
-
1
-
-
10⁉️Розыгрыши призов в соцсетях: в Генпрокуратуре напомнили, кто может проводить лотереи
-
2042
-
2
-
3
-