Алматыда "Қайрат" пен аты аңызға айналған "Реал Мадрид" кездесуі өтті. Отандық футбол клубы испаниялықтарға 0:5 есебімен есе жіберсе де, жанкүйерлердің ризашылығына бөленді. Әсіресе, қақпаға бағытталған 12 соққының 7-еуін ұстап қалған қақпашы Шерхан Қалмырза көпшіліктің батасына бөленіп жатыр.
Осы орайда Информбюро порталы 18 жастағы Шерхан Қалмырзаның футболдағы жолына үңіліп, материал әзірледі.
Шерхан Қалмырза кім?
Шерхан Қалмырза 2007 жылы 15 маусымда дүниеге келген. Бойы – 187 см, салмағы – 75 келі. "Қайрат" клубының жүйесінің түлегі, негізгі командада №82 нөмірмен ойнайды. Жас өспірімдерден бастап "Қайрат" академиясында тәрбиеленген.
"Қайрат" футбол клубының сапында 3 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. "Қайраттың" жастар клубы сапында екі дүркін Қазақ жастар лигасының чемпионы атанған.
Алаңға алғаш қашан шықты?
"Қайрат" құрамында тұңғыш рет 2025 жылдың 14 қыркүйегінде "Ақтөбеге" қарсы ойында алаңға шықты. Бұл ойынды қақпашы Темірлан Анарбеков бастағанымен, ол бірінші таймда жарақат алып қалған еді. Сол кезде Шерхан оны алмастырған.
Негізінен, ол "Қайраттың" ресми түрде үшінші қақпашысы болып есептеледі, негізгі қақпашылар жарақат алғанда алаңға шығады.
Төрт күннен кейін Лиссабонда УЕФА Чемпиондар лигасындағы тұңғыш ойынын өткізді. "Спортингке" қарсы матч кезінде пенальти қайтарып, көзге түсті. "Қайрат" 1:4 есебімен жеңіліп қалса да, Шерхан Чемпиондар лигасы тарихындағы үшінші ең жас қақпашы атанды.
Дебют жасаған сәтінде Шерхан Қалмырзаның жасы небәрі 18 жас 3 ай ғана болған. Ал әйгілі испан қақпашысы Икер Касильяс Чемпиондар лигасында 18 жас 3 ай 26 күнінде алғаш рет алаңға шыққан еді.
Ал Шерханнан жасырақ қақпашылардың қатарында бельгиялық "Генк" клубының қақпашысы Мартен Вандевордт (17 жас 9 ай 14 күн) және португалиялық "Бенфиканың" қақпашысы Миле Свилар (18 жас 1 ай 21 күн) тұр.
Әлем көз тіккен қақпашы
"Реал Мадрид" клубымен ойын соңында испандық қақпашы Тибо Куртуа Шерханмен жейдесін ауысты. Кейін Instagram парақшасында Шерханмен түскен суретін жариялады. Футбол жанкүйерлері мұны құрмет деп бағалап жатыр.
Сонымен қатар шетелдік футбол жанкүйлерлері де Шерхан Қалмырза туралы жарыса жазып жатыр.
Él es Sherkhan Kalmurza, portero del Kairat-Zhastar. Con 18 años fue titular ante el Real Madrid. ❤️
— ESPN Deportes (@ESPNDeportes) September 30, 2025
A pesar de un resultado desfavorable (derrota 5-0) definitivamente no olvidará esta noche de Champions League. pic.twitter.com/paVkeyIGHE
In the Champions League match against Real Madrid, FC Kairat are fielding their third-choice goalkeeper, Sherkhan Kalmurza. Prior to facing Madrid, the 18-year-old had only made three appearances with Kairat’s senior team. #UCL pic.twitter.com/fllI36Pmv6
— TheWallPassJournal (@wallpassjournal) September 30, 2025
Kairat’s goalkeeper Sherkhan Kalmyrza, only 18 years old, is playing against Real today. His second career match is already a Champions League game. The whole of Kazakhstan supports him with love and pride. pic.twitter.com/BolzX8zpFD
— suhotarpeda (@suhotarpeda) September 30, 2025
Buena carta de presentación de Sherkhan Kalmurza (18) 🇰🇿 vs el Real Madrid en #UCL
— Scouting Promises (@Scout_Promises) September 30, 2025
Mostrando gran personalidad a su corta edad, capacidad de concentración y un buen nivel de paradas 🧤🔝
Habrá que estar atento a él en esta Champions League 👀🌟 pic.twitter.com/Q2AEH7RLWW
SE SALIÓ ANTES DEL KINDER PARA JUGAR 👀🔥
— La Octava Sports (@laoctavasports) September 30, 2025
Sherkhan Kalmurza está dando un gran partido ante el Real Madrid con tan solo 18 años 🫶🏼#TeDaMásEmociones pic.twitter.com/bKBTazg8gO
This is a big lie, the Kairat goal keeper has been phenomenal for his team. Young, fresh and energetic performance. Quite good against a team like Madrid pic.twitter.com/AXyxCsBwE5
— dpk (@jfhilips) September 30, 2025
USD:
538.9 / 541.3
EUR:
624.5 / 628.5
RUB:
6.53 / 6.65