Иран әуе кеңістігі жабылды: Air Astana маршруттарды уақытша өзгертті

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Дубай мен Шарм-эль-Шейхке ұшатын рейстердің бағыты өзгерді.

Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігі жабылуына байланысты бірқатар тұрақты және чартерлік рейстердің маршруттары өзгертілгенін хабарлады.

Тасымалдаушының мәліметінше, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағытындағы рейстер Иран аумағын айналып ұшады. Осыған байланысты ұшу және қону уақыты өзгеруі мүмкін.

"Air Astana жағдайды мұқият бақылап отыр. Жолаушылардан рейстер туралы ақпаратты алдын ала тексеруді сұраймыз", – делінген компания хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары