Түркістан облысында туған әкесін аяусыз ұрған асабаға қатысты сот үкімі шықты. 41 жастағы Алмас Садақбаев бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.
Жетісай аудандық сотында дәрменсіз күйде болған адамға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру және азаптау ісі қаралды.
Сот оны "Азаптау" және "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" баптары бойынша кінәлі деп таныды. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірген.
"Қария қайтыс болғаннан кейін жүргізілген сот-медициналық сараптама оның қабырғалары мен мұрнының сынғанын, сондай-ақ денесінің әртүрлі тұсында жара іздері бар екенін анықтады. Жарақаттардың бір бөлігі ескі болып, соққы бірнеше рет жасалғаны расталды. Алайда мәйіттің шіру кезеңінде сараптама жүргізілгендіктен, өлімнің нақты себебін анықтау мүмкін болмаған", – делінген хабарламада.
Сот үкімімен әкесін азаптаған ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, былтыр күзде әлеуметтік желілерде ер адамның мүгедек әкесін ұрып жатқан видеосы тарап, қоғамда үлкен резонанс туғызған болатын. Тергеу барысында айыпталушы әкесіне жүйелі түрде күш көрсеткені анықталған. Қорқынышты әрекеттерді көршілері жасырын видеоға түсіріп, мәйіт қайтыс болған соң жариялаған.
USD:
497.1 / 500.1
EUR:
588.0 / 592.0
RUB:
6.43 / 6.55