"Қайрат" – "Реал Мадрид" ойыны: полиция билет сатып алу кезінде сақ болуға шақырады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Полиция азаматтарға билеттерді тек ресми кассалардан және лицензиясы бар таратушылардан сатып алуды ұсынады.

Полиция "Қайрат" – "Реал Мадрид" футбол матчы билеттерін сатып алу кезінде алаяқтық қаупі туралы ескертеді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматыда өтетін халықаралық футбол матчы қарсаңында полиция қызметкерлері азаматтарға билеттерді сатып алу кезінде аса мұқият болуды ескертеді.

Алматы қаласының полициясы ең кең таралған алаяқтық тізбегін түсіндіретін әлеуметтік бейнеролик дайындады. Тәжірибе көрсеткендей, ірі спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде интернет арқылы жалған билеттер ұсынатын алаяқтар белсенді әрекетке көшеді. 

Полиция азаматтарға билеттерді тек ресми кассалардан және лицензиясы бар таратушылардан сатып алуды ұсынады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдын ала төлемді талап ететін күмәнді ұсыныстар сатып алушыларды алаңдатуға тиіс. 

"Қала тұрғындары мен қонақтарына ескертеміз: алдағы матчқа қызығушылықтың артуымен қатар, алаяқтық тізбектердің қаупі де жоғарылайды. Еш жағдайда билетті қолдан немесе тексерілмеген интернет-платформалардан сатып алмаңыз. Күмән туған жағдайда ресми дистрибьютор кассасына жүгініңіз. Бұл – өзіңізді және қаражатыңызды қорғаудың жалғыз жолы. Біздің мақсатымыз – киберқылмыстарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алу. Сол себепті біз әлеуметтік бейнероликтер мен БАҚ арқылы белсенді түрде профилактикалық жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деді, Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев. 

Полиция күмәнді хабарландырулар мен алаяқтық деректері анықталған жағдайда бірден "102" нөміріне хабарлау қажет екенін еске салады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары