Қазақстандағы ислам финтехі биржада сукук шығарды. Ол не үшін қажет

Фото: Tayyab Finance Sukuk SPC Ltd.
Фото: Tayyab Finance Sukuk SPC Ltd.
Бағдарлама 2040 жылға дейінгі мерзімге жалпы көлемі 20 млрд теңгеге дейінгі сукук шығаруды көздейді.

Astana International Exchange алаңында инвестиция тарту үшін арнайы құрылған Tayyab финтехтің еншілес құрылымы – Tayyab Finance Sukuk SPC Ltd. компаниясының исламдық бағалы қағазы – сукук бағдарламасы тіркелген.

Бағдарлама 2040 жылға дейінгі мерзімге жалпы көлемі 20 млрд теңгеге дейінгі сукук шығаруды көздейді. Қаражат компанияның негізгі өнімі – бөлшек клиенттер үшін исламдық автонесиелеуді дамытуға бағытталады.

Әлемдік исламдық қаржы нарығы қарқынды дамып келеді және қазірдің өзінде бірнеше триллион доллардан асады. Қазақстан осы тіркеудің арқасында жаһандық исламдық инвестициялық кеңістікке интеграциялануға маңызды қадам жасауда.

"Біз үшін бұл жай ғана қаржы құралы емес, Қазақстандағы исламдық инвестицияларды дамытудың жаңа кезеңі. Біз шариғат бойынша – адал, ашық және нақты бизнеске ақша салғысы келетін инвесторлар үшін есік ашамыз", – деді Tayyab компаниясының басшысы Данияр Успанов.

Тіркеу халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін "Астана" халықаралық қаржы орталығының тәуелсіз реттеушісі – Astana Financial Services Authority қадағалауымен өтті. Бұл инвесторлардың ашықтығына, құқықтық қорғалуына және капитал нарығын реттеудің үздік әлемдік тәжірибелеріне сәйкестігіне кепілдік береді.

"Бұл оқиға тек экономикалық қана емес, сонымен қатар үлкен рухани маңызға ие. Қазақстанда исламдық қаржыландыру қағидаттарына толық сәйкес келетін инвестициялау құралы пайда болды", – деді Шариғат кеңесінің өкілі Мақсатбек Қайырғалиев.

Айта кетейік, әрбір адам Қазақстанда халал қаржыны дамыту үшін инвестиция сала алады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары