Ораза-2025: Сәресі мен ауызашарда оқитын дұғалар

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ертең – оразаның алғашқы күні. Бүгін алғашқы тарауық намазы оқылады.

Биыл Рамазан айы 1 наурызда басталып, 29 наурызда аяқталады. Қасиетті Рамазан айы – мұсылман қауымы үшін ауыз бекітіп қана қоймай құлшылық жасап, өлшеусіз сауапқа кенелетін берекелі ай. Оразаның өз әдебі бар. Оны бұзатын амалдардан сақтанған жөн.

Бұл материалда сәресі мен ауызашарда оқылатын дұғаларды ұсынамыз. 


Ораза кестесі: 2025 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері


Сәресі дұғасы (ниет ету)

Оразаның толық болуы үшін ниет ету шарт. Ниетсіз ораза қабыл болмайды. Рамазан оразасында кеш қарайғаннан сәресіне дейін ниет етуге болады. Негізінде оразаға сәресіден кейін ниет етіледі. Сәресіде ояна алмай қалған адам күн шығып кетсе де ниет етсе болады. Тек таң атқаннан кейін оразаны бұзатындай нәрсе жасамауы керек.

Ниет жүрекпен жасалады. Яғни түнде, ертең ораза ұстайтыны жайында ойлаған адам ниет еткен болып есептеледі. Ораза ұстау ниетімен сәресіге тұрған адамның бұл ойы да ниет болып есептеледі. Оразаға жүрекпен ниет ету жеткілікті. Бірақ жүрегімен қоса тілмен жеткізсе, одан да жақсы. Сондықтан ораза ұстайтын адам әрі жүрегімен, әрі тілімен ниет еткені жөн.

Ораза ниеті: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.

Арабша оқылуы: Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә.

Ауызашар дұғасы

Ораза ұстаған адам күн батқан соң аузын ашуға асығуы керек. Алдымен қол жайып ауызашар дұғасын оқып, содан соң ғана ауыз ашады.  

Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!

Арабша оқылуы: Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту.

Ауызды сумен не құрмамен ашқан дұрыс. "Кімде-кім ауыз ашар болса, құрмамен ашсын, себебі құрмада береке бар. Егер құрма болмаса, сумен ашсын, себебі ол тазартушы", – деген Мұхаммед пайғамбар.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары