Қазақстан нарығына Tayyab компаниясының жаңа қаржылық құралы – сукук енді. Бұл нақты автокөлік сатып алу мәмілелерінен табыс әкелетін халал инвестиция және адамдарға пайызсыз автокөлік алуға мүмкіндік береді.
№1. Сукук дегеніміз не?
Сукук – бұл пайыздан емес, нақты табыстан пайда әкелетін халал инвестиция. Tayyab финтех-стартабының CEO-сы Данияр Успановтың түсіндіруінше, бұл құрал – облигацияларға балама, бірақ Шариғат талаптарына сай келеді.
"Қарапайым тілмен айтсақ, бұл риба (исламда тыйым салынған тұрақты пайыз – ред.) мен алыпсатарлықсыз нақты экономикаға қатыса отырып табыс арттыру мүмкіндігі. Облигация немесе депозиттен айырмашылығы – мұнда ақшаны пайызбен қарызға бермей, нақты бизнеске, мысалы, автокөлік қаржыландыру саласындағы жобаға серіктес болуды білдіреді. Инвестор үшін бұл – табыстың ашық көзі, ал клиент үшін – халал бөліп төлеуге қол жеткізу", – дейді Данияр Успанов.
Бұл құрал дінге қатысы бар адамдарға ғана емес, кез келген адамға ашық.
№2. Қанша инвестиция салуға болады және инвестор не алады?
Сукук иесі автокөлік жобасының табысынан үлес алады. Данияр Успановтың айтуынша, бөлшек сукук бойынша табыс ай сайын төленеді.
"Алдын ала қатысқан жағдайда, сукуктің болжамды табыстылығы жылына 20%-ға дейін жетуі мүмкін. Ресми іске қосылғаннан кейін ол шамамен 18% болады деп күтілуде. Яғни, 100 мың теңге салынса, екі жыл ішінде табыс шамамен 136 мың теңгені құрауы мүмкін. Бұл қарапайым банк депозитіне қарағанда жоғары, бірақ бұл – салым емес, инвестиция екенін түсіну маңызды", – дейді Данияр Успанов.
Халал табыстың банктегі пайыздан басты айырмашылығы – пайда табудың шынайы бизнес арқылы жүзеге асуында. Инвестор нақты активке немесе бизнеске қаржы салады, тәуекелді бірге көтереді және пайдадан үлес алады. Сукукті мерзімінен бұрын сату мүмкін емес – бұл ұзақмерзімді инвестиция құралы.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы ислам финтехі биржада сукук шығарды. Ол не үшін қажет
№3. Сукук қалай жұмыс істейді және оның қандай пайдасы бар?
Инвесторлар сукук сатып алады, ал клиенттер автокөлікті алдын ала белгіленген баға бойынша бөліп төлеп алады. Клиенттердің төлемдері табыс көзіне айналып, ол сукук иелеріне бөлінеді. Осылайша, инвестиция екі жаққа да пайда әкеледі: инвесторға – табыс, клиентке – пайызсыз және жасырын төлемсіз халал жолмен автокөлік алу мүмкіндігі. Мәміле құрылымы Шариғат кеңесінің бақылауында, бұл өнімді табысты әрі әлеуметтік маңызды етеді.
№4. Сукукке инвестиция салу қауіпсіз бе?
Сукук AIX биржасында тіркелген және АХҚО-ның қадағалауында. Сондай-ақ, халықаралық ShariaConsulting компаниясының шариғат сертификатына, AAOIFI стандарттарына сай аудит пен бақылауға ие.
"Бұл – реттелетін құрал. Біз ешқандай қауіпсіз табыс уәде етпейміз, бірақ бизнестің тұрақты әрі табысты болуы үшін барлығын жасап жатырмыз. Шариғат кеңесі құрылымнан бастап маркетингке дейін әр қадамды қадағалайды", – деп түсіндірді Данияр Успанов.
Шариғат кеңесіне халықаралық сарапшылар мен ҚМДБ өкілдері кіреді, олар әр кезеңде ислам нормаларының сақталуын тексереді.
№5. Қазақстанда ислам қаржысының болашағы бар ма?
Данияр Успановтың айтуынша, халал инвестицияларға сұраныс артып келеді. Қазіргі уақытта Tayyab сервисі 130 000-нан астам қолданушыны біріктіреді және ислам қаржысының экожүйесін – автокөлік қаржыландырудан инвестициялық құралдарға дейін дамытып жатыр.
"Tayyab сукугі корпоративтік және бөлшек клиенттерге арналған болады. Корпоративтік сукуктың таныстырылымы AIX биржасында 2025 жылдың қыркүйегінде Astana Finance Days аясында өтті. Айта кетейік, алғашқы күндері-ақ бұл құралға деген сұраныстың тым жоғары екенін байқадық. Менің ойымша, осындай қызығушылықтың басты себебі – адамдар рибадан, күрделі әрі түсініксіз қаржы схемаларынан бас тартқысы келеді. Олар табыстан бұрын құндылықты жоғары қоятын адал шешімдерді іздейді. Жеке инвесторларға арналған сукуктың іске қосылуы да дәл сондай жоғары сұранысқа ие болатынына сенімдіміз. Қазақстанда ислам қаржысын дамытуға зор әлеует бар, және бізде бұл бағытты дұрыс жолмен бастауға нақты мүмкіндік бар. Tayyab – осы жолдағы алғашқы қадамдардың бірі", – деп түйіндеді Данияр Успанов.
Tayyab компаниясының бөлшек клиенттерге арналған сукугін ресми іске қосу 2025 жылғы қазан айына жоспарланған.
USD:
538.9 / 541.3
EUR:
624.5 / 628.5
RUB:
6.53 / 6.65
"Қарапайым тілмен айтсақ, бұл риба (исламда тыйым салынған тұрақты пайыз – ред.) мен алыпсатарлықсыз нақты экономикаға қатыса отырып табыс арттыру мүмкіндігі. Облигация немесе депозиттен айырмашылығы – мұнда ақшаны пайызбен қарызға бермей, нақты бизнеске, мысалы, автокөлік қаржыландыру саласындағы жобаға серіктес болуды білдіреді. Инвестор үшін бұл – табыстың ашық көзі, ал клиент үшін – халал бөліп төлеуге қол жеткізу", – дейді Данияр Успанов.