
Қыркүйек айында Қытайдың Тяньцзинь қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 25-ші саммиті сәтті өтті.
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қоса алғанда, жиырмадан астам шет мемлекеттердің көшбасшылары мен он халықаралық ұйымның басшылары Хайхэ өзенінің жағасында бас қосып, достықты нығайтып, бірлесіп даму жолдарын талқылады. Тяньцзинь саммиті айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп қана қоймай, Қытай Төрағасы Си Цзиньпин жаһандық басқару бастамасын ұсынған маңызды алаңға айналды. Бұл бастама бүкіл әлемнің назарын аударды.
Бірлік. ШЫҰ-ның жаңа кезеңін ашқан 8 негізгі жетістік
Тяньцзинь саммиті ШЫҰ тарихындағы ең ірі әрі ең жемісті жиын болды. Ол келесі 8 маңызды жетістікпен ерекшеленді:
- Алдағы 10 жылға арналған ШЫҰ-ның даму стратегиясы бекітілді;
- Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс нәтижелерін қорғауға қатысты әділетті ұстаным айтылды;
- Көпжақты сауда жүйесіне нық қолдау білдірілді;
- "Қауіпсіздік саласындағы төрт орталықтың" негізі қаланды;
- ШЫҰ Даму банкінің құрылуы туралы саяси шешім қабылданды;
- Практикалық ынтымақтастықтың алты платформасы құрылды;
- Жоғары сапалы дамуға бағытталған алты іс-қимыл бағдарламасы әзірленді;
- Ұйымды реформалауда жаңа серпіліске қол жеткізілді.
Бұл қадамдар ұйымға мүше елдер үшін де, халықаралық қауымдастық үшін де маңызды үлес болды.
Тяньцзинь саммиті ШЫҰ-ның біріктіруші күшін, тартымдылығы мен жасампаздық әлеуетін көрсетті. Төраға ел ретінде Қытай "ШЫҰ іс жүзінде" ұранымен серіктестерімен бірге "Шанхай рухын" – өзара сенім, өзара пайда, теңдік, кеңесу, өркениеттер әртүрлілігіне құрмет және ортақ даму ұмтылысын – берік ұстанып, ШЫҰ-ны жаңа кезеңге – неғұрлым ұйымшыл, белсенді, қуатты және нәтижелі деңгейге шығарды.
Келісім. Жаһандық басқару бастамасы – уақыт талабына жауап
Си Цзиньпин алғаш рет "ШЫҰ+" форумында Жаһандық басқару бастамасын ұсынды. Ол егеменді теңдікке, халықаралық құқық нормаларын сақтауға, көпжақтылыққа, халыққа бағдарланған тәсіл мен практикалық әрекеттерге негізделген.
Бұл бастама – Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығы мен БҰҰ-ның құрылғанына 80 жыл толған жылы, жаһандық басқару жүйесінде түбегейлі өзгерістер болып жатқан тұста, шешімдердің тапшылығы артып келе жатқан кезеңде аса өзекті әрі уақытылы ұсыныс болды. Ол БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен принциптерін жалғастырып, кеңесу, бірге құру және бірге пайдалану рухын паш етеді. Бұл бастама "жаһандық басқару қандай болуы керек және оны қалай жетілдіру қажет?" деген сұраққа айқын жауап береді. Бұл – Си Цзиньпиннің дипломатиялық идеяларын байытатын, тарихи және практикалық маңызы бар маңызды ұсыныс.
Жаһандық басқару бастамасы – Қытай тарапынан халықаралық қауымдастыққа ұсынылған тағы бір маңызды қоғамдық игілік. Ол Жаһандық даму бастамасы, Жаһандық қауіпсіздік бастамасы және Жаһандық өркениет бастамасынан кейінгі бастама болып табылады. Бұл – жаһандық басқару жүйесін жаңартуға бағыт беретін, адамзаттың ортақ тағдыры бар қауымдастығын құру жолын көрсететін шамшырақ іспетті. Бұл бастама жаһандық Оңтүстік елдерінің бейбітшілікке, дамуға және халықаралық процестерге белсенді қатысуға деген ортақ тілектеріне жауап береді және Қытайдың жаһандық басқарудағы маңызды әрі ауыстырылмайтын рөлін, әлемге жаңа серпін мен оң энергия беретін күш екенін көрсетеді.
Ынтымақтастық. Қытай мен Қазақстан арасындағы тату көршілік – екіжақты қатынастардың үлгісі
Қазақстан – "Бір белдеу, бір жол" бастамасы алғаш рет ұсынылған және оны жүзеге асыруда маңызды өңір. Ол ШЫҰ аясында да маңызды рөл атқарады. Қытай мен Қазақстан – ұйымның негізін қалаушы елдері ретінде – үнемі тығыз үйлесімділікпен жұмыс істеп келеді.
Саммит қарсаңында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Мемлекет басшылары даму стратегияларын ұштастыру, энергетика, ғылым мен технология, тұрғын үй құрылысы, білім, спорт және жабайы табиғатты қорғау салаларындағы 20-дан астам екіжақты құжатқа қол қою рәсіміне қатысты. Сонымен қатар Қазақстанда екі жаңа "Лубань шеберханасы" ашылды. Ынтымақтастықтың сәтті тәжірибесі екі ел халқы үшін нақты пайда әкеліп қана қоймай, өзге мемлекеттерге де үлгі болуда және өңірлік серіктестіктің жарқын мысалына айналды.
24 жылда ШЫҰ "Шанхай бестігінен" халқы мен аумағы бойынша әлемдегі ең ірі өңірлік ұйымға айналды. Бүгінде Қытай Қазақстанмен және басқа серіктестерімен бірге төрт жаһандық бастаманы тиімді жүзеге асыруға, ШЫҰ аясында ортақ тағдыры бар қауымдастықты нығайтуға және адамзаттың ортақ тағдыры бар қауымдастығын қалыптастыруға елеулі үлес қосуға дайын.
Қорыта айтқанда, Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың жаңа парағы ашылуда.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1❗️Оборот наличных денег растёт в Казахстане
-
2570
-
3
-
13
-
-
2🌡Прогноз погоды на 9 сентября: дожди ожидаются на севере и востоке Казахстана
-
2499
-
0
-
1
-
-
3❗️Министр просвещения о тяжёлых рюкзаках школьников: Ввести планшеты – не совсем правильное и затратное решение
-
2405
-
9
-
14
-
-
4🇫🇷Парламент Франции отказал в доверии правительству страны
-
2177
-
2
-
11
-
-
5⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 8 сентября
-
2227
-
0
-
3
-
-
6‼️ Случаев мошенничества со звонками "из банков" стало в два раза больше в Казахстане
-
2333
-
0
-
7
-
-
7💱Курс доллара снизился почти на 3 тенге на бирже 8 сентября
-
2132
-
0
-
0
-
-
8❗️Крупный пожар вспыхнул в селе Шиликти Актюбинской области, его тушили с помощью поезда
-
2118
-
0
-
7
-
-
9‼️ "Не кладите трубку!" МВД Казахстана назвало топ-10 фраз телефонных мошенников
-
2136
-
0
-
10
-
-
10❗️Протесты против запрета соцсетей в Непале: полиция открыла огонь по людям, погибли 14 человек
-
2124
-
0
-
16
-