Бірнеше жыл бұрын Қытай еліне іссапарлап барғанбыз. Үрімжі шаһарын бірнеше күн аралап, халал тағам ішуді аңсап, ұйғыр бауырымыздың дәмханасына ат басын бұрдық. Ұмытпасақ, есімі – Ергеш еді. Иесі ретінде бізге қонақжайлығын көрсетіп, бәйек болды. Төрге шыға берісте қабырғада ілулі тұрған таныс бейнеге көзіміз түсті. Қабырғаға ақын Мұқағали Мақатаевтың портретін іліп қойыпты. Астына таман төте жазумен жазылған жыр орналасқан. Біз одан тәржіме жасауын өтіндік.
Сол кездің өзінде шетел асып кеткен "Дастархан басында" атты өлең шумақтары екен. Ақынның жарық көрген жыр жинағына енген мәтіні мынадай:
"Селдетіп өткен тасқындай
Серпіліп біраз асасың,
Сергітіп кеткен мас қылмай,
Сейілді күндер жасасын!
Айналаң толы дос-жаран,
Айқара құшақ ашасың,
Жауының сөзін қоштаған
Жауыңның өзі жасасын!
Арынға салма ауыздық,
От болсын, мейлі шоқ болсын.
Дүниедегі жауыздық
Көмейден өтіп, жоқ болсын!
Тамаша әзіл не түрлі,
Тартылсын ылғи табақтар.
Шөлмектегі арақ секілді
Жойылсын қырғи қабақтар!
Селдетіп өткен тасқындай
Серпіліп біраз тасасың.
Сергітіп кеткен мас қылмай,
Сейілді күндер жасасын!".
Бұл – айтулы қазақ поэзиясының шамшырағына, ақиық ақын туындысына деген қарапайым құрмет еді. Әйтпесе, жақсы көңіл, мол дастархан жөнінде өзге ұлт ақындары жазғандарының бар екенін де білеміз. Қожайынына риза болдық, талғамына сүйсіндік.
Оқи отырыңыз: Тарихқа құрметпен қарау керек
Ал қазір туған елімізде, Құдайға шүкір, қоғамдық тамақтану орындары – дәмхана, асхана, мейрамхана аз емес. Тойханадан да кенде емеспіз. Сөздің құнын саудаламайтын, талантты да ынсапты ақындарымыз да жетерлік. Солардың асыл да көркем сөздерін көрнекі жерге жазып қойса, жұртымызға ой салып, ұлтымыздың мерейі өспей ме?
Әдебиетке деген сүйіспеншілікті ояту, дамыту – елдік іс. Арын сақтаған таланттысы мен дарындысын халқымыз бұрыннан қолдап келеді. Ол тек арқадан қағу ғана емес, олардың адал еңбегінің жемісін, құнды қазынасы – туындыларын елге ұсынып, насихаттау болса керек. Сонда шын ақын-жазушыларымыздың оқырмандары да көбейеді. Олардың беделі артып, қоғамдағы орны айқындала түсер еді. Өйткені, мәдениет пен әдебиет – халықтың ең үлкен рухани азығы.
(Жазба қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбайдың Facebook парақшасынан алынды)
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🛍 Грандиозные скидки ко Дню Республики готовят ТЦ по всей стране
-
10170
-
1
-
10
-
-
2🔥В Алматы горит административное здание
-
3109
-
0
-
9
-
-
3🍽 85 человек отравились на тое в Аркалыке — кафе закрыли, возбуждено дело
-
3203
-
0
-
15
-
-
4🛒В Алматы пройдёт трёхдневная сельскохозяйственная ярмарка
-
2958
-
0
-
6
-
-
5🔖 Алматинцы получили уведомление о землетрясении
-
2760
-
19
-
18
-
-
6❗️ Учителя, ударившего школьника, отстранили от работы в Атырау
-
2919
-
4
-
7
-
-
7👦🏻👧🏻 "Молчание не решает проблему". Как остановить школьный буллинг и детские самоубийства в Казахстане
-
2829
-
3
-
8
-
-
8🔖 Дело у суициде подростка расследуют в ЗКО
-
2808
-
1
-
23
-
-
9⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 22 октября
-
2777
-
0
-
9
-
-
10🌡Прогноз погоды на 23 октября: туман ожидается на большей части Казахстана
-
2829
-
0
-
3
-
USD:
538.9 / 541.3
EUR:
624.5 / 628.5
RUB:
6.53 / 6.65