Бірінші тоқсанда тынбай жұмыс істедік. Жылдың қалған бөлігінде осы қарқынды жалғастыра беру керек.
Үкімет жақында 2025 жылдың алғашқы 4 айындағы жалпы ішкі өнімнің дамуы 6 пайызды құрағанын хабарлады. Яғни, биылғы төрт айда жақсы жұмыс істедік деген сөз. Енді, жылдың қалған бөлігінде осы қарқынды бәсеңдетпеуіміз қажет.

Қазір әлемдегі ахуалға қарасаңыз, жан-жақта экономикалық қиындықтар болып жатқанын көреміз. Тіпті, кей сарапшы жаһандық дағдарыс келе жатқанын айтып дабыл қағып жүр. Расында, цифрларға көз жүгіртсеңіз, дамыған елдердің өзінде экономикалық өсім баяулаған. АҚШ-тың өзінде ішкі жалпы өнім өспеген, керісінше кеміген.
Оқи отырыңыз: Жаһандық қатерлерден сақтанудың жалғыз жолы – ішкі экономикалық қуатты күшейту
Еуропалық одақта өсім 0,1 пайызды ғана көрсетіп отыр. Кейінгі жылдары қарт құрлықта экономика қарқынды дамыған емес. Негізінен сол 2-3 пайыздың көлемінде болып келген еді. Соңғы деректерге қарағанда, Еуропалық одақ сол баяғы деңгейінде қалып отыр.
Бірақ, ескеретін мына нәрсе бар. Кез келген дағдарыс, қиындықта ұтатын һәм ұтылатын тараптар болады. Қытай, АҚШ секілді алпауыт экономикалар дағдарыстан қиналатыны анық. Қазірдің өзінде мұхиттың арғы бетінде Дональд Трамп пен Илон Маскты балағаттап жатқандар жетерлік. Өйткені, кейінгі бірнеше жылда АҚШ экономикасы теріс нәтиже көрсеткен емес.
Қазақстан қай тарапта болады? Ішкі жалпы өнім көлемінің даму қарқынын ескерсек, еліміз екінші тарапқа қосылатын тәрізді. Себебі, ІЖӨ-нің көлемі төрт айда 6 пайызға ұлғайды. Жылдың аяғына дейін осы қарқыннан таймауымыз қажет.
(Жазба Қазбек Майгелдиновтің Facebook парақшасынан алынды)
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🥩🥒 Сельскохозяйственная ярмарка выходного дня пройдет в Астане
-
11674
-
0
-
5
-
-
2📚Частным школам в Казахстане изменят правила игры
-
7693
-
1
-
125
-
-
3💵 Паспорта, удостоверения и права: сколько казахстанцы заплатят за документы в 2026 году
-
2893
-
2
-
15
-
-
4🚌 Новый автобусный маршрут до аэропорта запустят в Алматы
-
2768
-
1
-
15
-
-
5‼️ Ну что, друзья, теперь это можно сделать без очередей. Выбрать госномер для авто по своему желанию теперь можно онлайн в Казахстане
-
2730
-
1
-
12
-
-
6⚠️ Доброе утро! Обзор главных новостей за 16 января для вас
-
2372
-
5
-
6
-
-
7🚗Друзья! На севере и востоке Казахстана из-за непогоды местами ограничили движение по всем направлениям.
-
2555
-
1
-
8
-
-
8🎅Мороз со снегом дошли и до юга Казахстана!
-
2465
-
0
-
12
-
-
9📱 Блогера задержали за вымогательство в Туркестанской области
-
2519
-
3
-
25
-
-
10👵Пенсионная реформа – 2026: какие налоговые льготы и ограничения начали действовать
-
2442
-
0
-
8
-
USD:
497.1 / 500.1
EUR:
588.0 / 592.0
RUB:
6.43 / 6.55