18 жастағы Шерхан "Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчында ерекше көзге түсті.
Қазақстандық кәсіпкер Ұлықбек Шәріповтің "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаға көлік сыйлаған сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Кәсіпкер жас футболшыға алғыс білдіріп, Exeed маркалы жаңа көліктің кілтін табыс етті.
"Бұл – сенің жеке көлігің. Бізге ерекше әсер сыйладың. Ең бастысы, талпынысыңды тоқтатпа", – деді кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов.
Еске салайық, Шерхан Қалмырза кеше Алматыда "Қайрат" футболшыларының сапында беделді "Реал Мадрид" командасына қарсы ойнады. Матчта 5:0 есебімен қонақтар жеңіске жетті.
Информбюроның матч кезінде жасаған онлайн трансляциясын осы жерден оқуға болады.
USD:
538.9 / 541.3
EUR:
624.5 / 628.5
RUB:
6.53 / 6.65

