"Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы тарихи матч аяқталды. Есеп – 0:5.

Фото Самат Құсайыновтың Facebook парақшасынан алынды
Фото Самат Құсайыновтың Facebook парақшасынан алынды
Мбаппе үш гол салып, хет-трик жасады.

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі 2-тур матчында "Қайрат" пен "Реал Мадрид" кездесті. "Реал Мадрид" футболшылары "Қайрат" қақпасына бес гол салып, ойын 0:5 есебімен бітті. 

"Реал Мадридтің" алаңға шыққан негізгі құрамы: Куртуа, Асенсио, Хёйсен, Алаба, Гарсия, Чуамени, Себальос, Гюлер, Мастантуоно, Винисиус, Мбаппе.

"Кайраттың" алаңға шықан негізгі құрамы: Қалмырза, Тапалов, Мартынович, Сорокин, Луиш Мата, Мрынский, Касабулат, Арад, Громыко, Жоржиньо, Сатпаев.

Ойынның 24-минутында Мбаппе "Қайрат" қақпасына пенальти орындап, гол салды. Төреші 45 минут біткен соң қосымша бір минут қосып берді. Матчтың бірінші таймы 0:1 есебімен аяқталды. 

Екінші таймда Мбаппе жалғыз өзі "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмырзамен бетпе-бет келіп жасаған соққысы голға ұласты. Ойынның 73-минутында Гюлерден пас алған Мбаппе "Қайрат" қақпасына үшінші голын салды. Есеп – 0:3.

Алаңға кеш шыққан Эдуардо Камавинга "Қайраттың" бос қақпасына гол салды. Ойынның соңғы минутында "Реал" футболшысы Браим Диас гол салды. Тарихи матч 0:5 есебімен аяқталды.

Серіктестер жаңалықтары