Перизат Қайратқа сот үкімі шықты

Фото: instagram.com/01pk
Фото: instagram.com/01pk
Оның мүлкі де жәбірленушілер пайдасына тәркіленетін болды.

Астана қалалық соты қайырымдылық көмек көрсету сылтауымен жиналған қаражатты жымқырғаны үшін Перизат Қайратқа үкім шығарды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Қоғам белсендісі Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша кінәлі деп танылды:

  • 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы – "Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық";
  • 218-баптың 2-бөлігі 1-тармағы – "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және басқа мүлікті заңдастыру (жылыстату)";
  • 218-баптың 3-бөлігі 3-тармағы – "Аса ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және басқа мүлікті адамдар тобының заңдастыруы".

Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттік айыптаушы үш эпизодты бөліп көрсетті – мүгедектігі бар балаларға көмек көрсету, Таяу Шығыста зардап шеккендер және Қазақстандағы су тасқынынан жапа шеккендерге көмек көрсету.


Оқи отырыңыз: Перизат Қайрат расымен соққыға жығылды ма? Астана полициясы видео жариялады


Перизат Қайраттан жауап алу жабық режимде өтті. Ғайни Алашбаева жауап беруден бас тартты. Сонымен қатар, соңғы сот отырыстарына БАҚ өкілдері қатыса алмады. Айыпталушы адвокатының да сөз сөйлеуі жабық режимде өтті. Бұған дейін қорғаушы Асланбек Дәулетияров журналистерге өз сөзінде бұл іске қатысты бұлтартпас дәлелдер келтіретінін мәлімдеген болатын.

Сот процесі басталғанда Перизат Қайрат тағылған айыптармен келіспейтінін айтып, өзін қорғауға ниетті екенін мәлімдеген еді.

Серіктестер жаңалықтары